Қазақстанға әкелінетін ет арзандай түсті

сегодня

Қазақстан үшін импорттық тауарлар қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың І тоқсанында импорттық тауарлардың бағасы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 5,7%-ға өскен.

ТМД елдерінен жеткізілетін өнімдер 11%-ға, ал өзге мемлекеттерден әкелінетін тауарлар 3%-ға қымбаттаған.

Азық-түлік өнімдерінің ішінде импорттық шоколад пен какао өнімдерінің бағасы 1,5 есеге өсті.

Қанттан жасалған кондитерлік өнімдер 20%-ға, шұжықтар 18,9%-ға, маргарин 18%-ға, балық және еттен дайындалған өнімдер 16,6%-ға, теңіз өнімдері 16,2%-ға қымбаттаған.

Алма, алмұрт және айва бағасы 13%-ға, күнбағыс, мақсары және мақта майы 10,4%-ға, сусындар 10%-ға, сүт өнімдері мен жұмыртқа 9,2%-ға, қант 8,7%-ға, көкөністер 5,3%-ға өскен.

Ал импорттық еттің бағасы Қазақстанда сәл арзандап, 0,3%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы да өсті. Әсіресе, пиротехника мен сіріңке 21,7%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ, жалпақ металл өнімдер бағасы 22%-ға, ағаш материалдары 18,2%-ға, ал бояу, лак және шпатлевка 17,4%-ға өскен.

Тазартқыш және жуғыш заттардың импорты 12%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ тыңайтқыштар бағасы 11,2%-ға, мұнай өнімдері 10,9%-ға, керамикалық бұйымдар 10,2%-ға өскен. Ал әтір мен иіссулар 8,3%-ға, тоңазытқыштар 6,9%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар, импорттық бас киімдер мен аяқ киім бағасы 4%-ға, трикотаж киімдері 7,2%-ға өскен.

Жоғарыдағы сілтемелер арқылы Қазақстанға қандай көлемде және қай елдерден тауар импортталатынын білуге болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.