Қазақстан Өзбекстанның шикізат шылауына айналуда – Мырзахметов

ҰКП қалыптасқан жағдайды өзгертпек

17 января 2020 года
    

"Атамекен" ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов Қазақстан ел ішінде өндіруге қабілетті дайын өнімді Өзбекстаннан импорттайды деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, Қазақстан Өзбекстанға ірі қара мал (ІҚМ) экспорттайды, кейіннен осы елден шұжықтар мен консервілер импорттайды.

"Бүгін Өзбекстанға тірі малды шығару мәселесі өте белсенді талқылануда. Елестетіп көріңізші: өткен жылы Өзбекстанға 156 мың бас ірі қара мал жөнелтілді. 260 мың бас ұсақ мал экспортталып, оның 80%-ы Өзбекстанға жөнелтілді. Бұл бұрын-соңды болмаған цифралар!"- деп фактілерді келтірді.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда 15 етті қайта өңдейтін кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын, олар тек 45%-ға жүктелетінін атап өтті. Мырзахметовтың айтуынша, олар Өзбекстаннан кем түспейді,өйткені қазіргі заманғы технологиялардан басқа кәсіпорындарда қалдықсыз өндіріс функциялары да енгізілген.

"Біз Өзбекстанның шикізат қосалқысына айналып барамыз. Бұл үшін мемлекет фермерлерге субсидия бөліп, мал шаруашылығы көлемін арттыруға тырысуда, осының барлығы түптп келгенде кейіннен біз өз малымызды Өзбекстаннан дайын өнім түрінде сатып алу үшін жасалып жатқаны ма? Біз ол елден ет консервілері мен шұжықтарды импорттаймыз. Бұл оғаш жағдай, келісесіз бе?!"- деп ҰКП басшысы наразылық білдірді.

Ол ұлттық палата қалыптасқан жағдайға талдау жүргізгенін айтты.

 "Өзбек тарапы жергілікті мал қасапханаларына қарағанда фермерлерден малды 150-200 теңгеге қымбатқа сатып алады. Сондықтан ел ішінде фермерлерді ынталандыру қажет және біз, негізінен, ауыл шаруашылығы министрлігімен бұл туралы жақында уағдаластық. Енді осы жағдайды талдап, шартты түрде бір шешім шығаруымыз керек",- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, LS редакциясы мемлекеттік кіріс комитетіне сұрау жіберген болатын. Ведомство мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан 2019 жылдың қаңтар-қарашасында Өзбекстаннан шұжық және консерві ет өнімдерін импорттамаған. Осы кезеңде Қазақстан Өзбекстанға $64,5 млн ірі қара мал, $19,8 млн.ға қой мен ешкі экспорттады.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде Қазақстанға шұжықтың негізгі жеткізушілері Ресей ($46,7 млн), Беларусь ($12,2 млн), Канада ($794,4 мың) және Қырғызстан ($512,3 мың) болды. Консервіленген ет өнімдеріне келер болсақ, ол Ресейден ($21 млн) және Беларусиядан ($4,7 млн) әкелінеді.

Сондай-ақ, Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен экспортты кеңейту мәселелері бойынша бейнеселекторлық кеңес кезінде шетелге жеткізілімдерді 22%-ға ұлғайту туралы мәлімделген. Бұл ретте мемлекет басшысы тоқыма, жеміс-көкөніс шаруашылығы, тері-аяқ киім өндірісі, құрылыс материалдары, автомобиль өнеркәсібі сияқты жетекші салаларды тиімді пайдалану қажеттігін атап өткен болатын.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа ет және сүт зауыттарын салуды тоқтатып ІҚМ етіне, жұмыртқа, қымыз, шұбат, күріш және мақтаға субсидияларды жоюды ұсынды.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан Польшадан кейін Қазақстан нарығындағы алма үлесі бойынша екінші орында тұр. Бұл ретте қазақстандық күріштің Өзбекстанға экспорты 34 есеге өсті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.