Автоорталықтар қызметi қатаң бақыланбақ

Олар қосымша түскен кірістен айрылуы мүмкiн

27 октября 2021 года

Дилерлер автокөлік сатқан кезде қосымша керек-жарақтарды ұсынғаны үшін жазалануы мүмкін. Бұл туралы LS-ке Iskermen өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының төрағасы Тимур Жаркенов хабарлады.

Ол Алматы қаласының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті дилерлік орталықтардың әрекеттерінен бәсекелестік туралы заңды бұзу белгілерін анықтағанын түсіндірді. Қазір бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізілуде.

Егер бұзушылықтар анықталса, монополияға қарсы орган дилерлік орталықтарға тиісті хабарламалар жібереді және тергеуді бастай алады.

"Бәсекелестікке қарсы келісімдер жасасу осындай қызметке байланысты алынған табыстың 3%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деді Жаркенов.

LS сұхбаттасушысы Қазақстандағы жекелеген дилерлік орталықтар сатып алушыларға автокөлікке қосымша жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуды барынша ұсына бастағанын атап өтті.

"Олардың жалпы құны 2 млн теңгеге жетуі мүмкін. Олар машинаның ажырамас бөлігі емес. Яғни, автомобиль осы жабдықсыз – ақ толық жұмыс істей алады. Әңгіме дабыл, авточехолдар, поликтер және басқа да заттар орнату туралы болып отыр", - деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, сатып алушылар келісуге мәжбүр, өйткені оларда таңдау жоқ.

Сонымен қатар, қыркүйек айында 10,5 мың жаңа жеңіл және коммерциялық авто сатылды. Бұл өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 3,3%-ға артық. Дегенмен, микрочиптердің болмауына байланысты брендтердің бірінің сатылымы төмендеді. Жақын арада өндіріс қалпына келеді деп күтілуде. Үш тоқсанның нәтижелері бойынша сатылымның 36,3%-ға өсуі байқалады. Осы кезеңде 86,6 мың бірлік іске асырылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.