Қазақстандықтардың коллекторлық агенттіктердің өндірісіндегі проблемалық қарызы 1,2 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды LS.
Жыл басынан бері коллекторларға берілген несиелік берешек көлемі 26,2%-ға өскен. Ал осы қарыздар бойынша есептелген сыйақы 129,2 млрд теңгеге жетіп, 27,8%-ға артты.
Берешектің негізгі бөлігі, яғни 1 трлн теңгеден астамы екінші деңгейлі банктердің үлесінде. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 22,4%-ға көбейген.
Микроқаржы ұйымдарының коллекторларға берген талаптары 67,3 млрд теңгені құрады. Бір жыл басымен салыстырғанда өсім 19,7%.
Өзге де қаржылық емес ұйымдардан өндіріп алуға берілген негізгі қарыз көлемі 131,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 1,7 есеге өскен.
Қазір Қазақстанда 200-ден астам коллекторлық агенттік жұмыс істейді.
Бұған дейін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғалардың берешегін өндіріп алу тәртібіне қатысты ережелерге өзгерістер енгізді.










