ГАК-тын активтері 10 млрд. теңгеге жетті

23 мая 2011 года
Биылғы жылдың 1 мамырындағы мәліметтер бойынша, «Өмірді сақтандыру жөніндегі «Мемлекеттік ануитет компаниясы» акционерлік қоғамының активтері 10 миллиард теңгеге жетті. Нәтижесінде акционерлік қоғам адам өмірін сақтандырушы компаниялардың арасында алдыңғы қатарда тұр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз-мәслихатында  «Өмірді сақтандыру жөніндегі «Мемлекеттік ануитет компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұржан Әлимұхамбетов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, акционерлік қоғам мұндай жетістіктерге өзінің стратегиялық мақсаттарды нақты жүзеге асыра білуінің арқасында қол жеткізіп отыр. «Акционерлік қоғам сақтандырумен байланысты төлемдерді уақытында төлейді. Соның арқасында клиенттердің компанияға деген сенімі де мығым. 2010 жылы  компания азаматтардың өмірлерін сақтандырумен байланысты төлемдерді өзге компаниялардан әлдеқайда көп төледі. Мысалы бұл цифр өткен жылы 3729  азаматқа 1,97 миллиард теңге төледі. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 280,3 пайызға артық»,-деді Басқарма төрағасы. Оның сөзіне қарағанда, сақтандыру төлемдерін төлеуде алдыңғылардың бірі болу компанияның сақтандыру сыйақыларының өсуіне ықпал еткен. Мысалы 2010 жылы сақтандыру сыйақыларының мөлшері 2009 жылмен салыстырғанда, 6,3 миллиард теңгеге артқан. «Мұндай жетістіктерге қол жеткізу бізге әрине оңайға соққан жоқ. Ол үшін бізге сақтандыру өнімдерін жетілдіру, келісімдер мен сақтандыру төлемдерін рәсімдеу шараларының мерзімін қысқарту, клиенттердің пайдасына жұмыс істеу сияқты кешенді жұмыстар атқару қажет болды», -дейді  Н.Әлимұхамбетов.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.