Алматыда мемлекеттік мүлік үшін жерлер сатып алуға миллиардтаған теңге бөлінді. LS-ке қала әкімдігінде олардың мекен-жайларын тізіп шықты.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, мемлекеттік мүлік үшін сатып алынатын жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын тәуелсіз бағалаушы айқындайды.
Сонымен қатар, әкімдіктің* қаулысына сәйкес, қаланың тарихи орталығында орналасқан 10 жер учаскесі мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруға жатады. Оның ішінде бес жер учаскесін сатып алуға 1,28 млрд теңге бөлінді. Олар мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Төле би көшесінің оңтүстігі Масанчи көшесінің батысы; Қалдаяқов көшесі, 29а; Мақатаев көшесі, 97/53; Мақатаев көшесі, 97/1.
2021 жылы тағы бес жер учаскесін сатып алуға 1,36 млрд теңге жұмсалды. Олардың жалпы ауданы 0,65 га. Объектілер мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Желтоқсан көшесі, 133а; Қазыбек би көшесі, 26-уч.; Қабанбай батыр көшесі, 252/3 учаскесі (Қабанбай батыр көшесінің оңтүстігі, Айтиев көшесінің шығысы); Чайковский көшесі, 22/2 учаскесі; Назарбаев даңғылы, 76/1.
Әкімдікте жерлерді жайластыру бойынша шешім оларды толық сатып алғаннан кейін қабылданатынын атап өтті.
Анықтама
* 19.04.21 жылғы № 2/205-359, 19.04.21 жылғы № 2/205-358.