Алматыдағы жанармай тапшылығына қатысты энергетика министрлігі пікір білдірді

Мегаполисте баға АИ-92 литріне 169-ден 175 теңгеге дейін жетті

25 июня 2021 года

Энергетика министрлігі Алматыдағы жанармай тапшылығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды LS.

Министрліктің мәліметінше, мегаполисте отын тапшылығы байқалмайды. 2021 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің жиынтық қоры 30,3 мың тоннаны құрайды, бұл өңірдің 19 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Дизель отыны бойынша қор 10,9 мың тоннаға жетеді, бұл өңірдің 18 тәуліктік қажеттілігін өтейді.

"Ай сайын АИ-92 бензині бойынша тұтыну 48,9 мың тоннаны (тәулігіне 1,6 мың тонна), дизель отыны бойынша 18,3 мың тоннаны (тәулігіне 0,6 мың тонна) құрайды. Бүгінгі күні Алматы АЖС АИ-92 бензині бойынша бөлшек сауда бағасы литріне 169 теңгеден 175 теңгеге дейін. Дизель отыны бойынша литріне 192 теңгеден 205 теңгеге дейін", – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінде.

Министрлікте 6 мамырдан 10 маусымға дейін Шымкенттің жоспарлы – алдын алу жөндеуінде болғанын қосты. Бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық қондырғылар тұрақты жұмыс істейді. 2021 жылғы 14-23 маусым аралығында Алматыда 7 мың тонна бензин және 5 мың тонна дизель отыны тиелді.

"Барлық МӨЗ тәулік сайын мұнай өнімдерін өндірумен және ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – деп нақтылады энергетика министрлігінде.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов өз алдына Алматыда ЖЖМ тапшылығы байқалмайтынын хабарлады. Ол ұсыныс Шымкентте МӨЗ-дің жоспарлы жөндеуге тоқтауына байланысты төмендегенін, алайда қазір жағдай тұрақтанғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол басқа екі ірі мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы жөндеуге тоқтағаннан кейін отын тапшылығы туындауы мүмкін деген пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде ЖЖМ тапшылығы байқалған болатын. Энергетика министрлігі бұл мәселені шешуге уәде берді. Осыған орай сарапшылар жанармай бағасының өсуін болжады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.