Алматыдағы заңсыз құрылыстармен не болады

9 июня 2022 года

Алматыда құрылыс мәселесін шешудің жолы табылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнде айтты, деп хабарлайды LS.

Сенаттың жалпы отырысы барысында депутат Ольга Булавкина тиісті рұқсаттарды алмай салынған жылжымайтын мүлік мәселелерін шешу үшін қаланың ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер енгізу ұсынылатынын айтты.

"Түзетулер атқарушы органда жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау бойынша комиссия құруды көздейді. Рұқсат құжаттарынсыз салынған жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесі тек осы қалаға ғана емес, сонымен қатар басқа да ірі елді мекендерге қатысты. Сондықтан еліміздің басқа қалаларында мұның қалай шешілетіні туралы сұрақтар туындап отыр. Бұл тәсіл рұқсат етілмеген ғимараттардың жаппай салынуына әкелмейді ме?"- деді ол.

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев өз еркімен салынған құрылыстарды заңдастыру және оларды бұзу туралы мәселе заңнамамен реттелгенін, ол сот тәртібімен шешілетінін хабарлады.

"Алматының проблемасына келсек, соңғы уақытта қалаға бірқатар аудандар қосылды, ал ауылдық елді мекендерде заңдастырылмаған құрылыстар жүргізiлуде. Мәселен осындай 14 мыңға жуық құрылыс жүрiп жатыр. Егер басқа қалаларда да солай болса, онда біз ондаған, тіпті жүздеген жағдайлар туралы айтып отырмыз. Бұл жұмысты бас жоспарға сәйкес атқару керек",-  деп жауап берді ол.

Алайда, министр егер бұл өз еркімен салынған құрылыстар бас жоспарда белгіленген желілерді, жолдарды жүргізу, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да объектілерді салу айқындалған жерлерде болса, онда осы жерлерді алып қою туралы шешім қабылданатынын нақтылады.

"Алдымен бұл тәжірибенің қалай өтетінін бақылаймыз. Бірінші кезекте бiз Арыс бойынша үйлерді қалпына келтіре бастадық, олардың көбісі заңдастырылмаған болып шықты. Бірақ ол жерде біз әкімдікпен жедел түрде жұмыс істедік. Мұндай проблемалар бар, осы тәжірибенің негізінде мүмкін қандай да бір жеңілдетілген алгоритм әзірлеймiз",- деп түсіндірді ол.

Заңнамаға енгізілген түзетулермен мүлікті заңдастыру мәселелерін шешу үшін алда  жылжымайтын мүлікті ресімдеу бойынша комиссия құрылмақ.

Бұған дейін сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.