Алматы облысында өзен порты салынады

сегодня

Қонаев қаласында өзен портының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі LS редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, жобаның жалпы құны 19,8 млрд теңге.

"Өзен портын салу жобасы бойынша алдын ала зерттеу мен жобалау жұмыстарына қытайлық серіктеспен келісім жасалған. Қазір үкіметаралық келісімді дайындау жүріп жатыр", – деп мәлімдеді әкімдікте.

Жобаны іске асыру мерзімі әзірге нақтыланбаған. Порт 100 гектар аумақта орналасады. Қазір жер телімін қоршау және аумақты тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жоба бастамашысы шаруашылық ангарын сатып алуда.

"Жоба бойынша сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы мен электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар алынды. Сондай-ақ жер телімін жалға алу мерзімі ұзартылды", – деп толықтырды әкімдікте.

Жоба іске асса, 105 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Бұған дейін, LS редакциясы Алматы облысында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының маңында үш ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын хабарлаған. Соның бірі – шетелдік компанияның қатысуымен құны 50 млрд теңге болатын көпфункционалды индустриялық-логистикалық кешен. Жоба аясында қойма мен сауда орындарын жалға беру жоспарланған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.