️Алматы ескі машиналардан құтылады

сегодня

Алматылықтардың ескі көліктерін сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінен хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл бастама ауаны қорғаудың жаңа ережелерінің бір бөлігі.

Мәселен, Алматы агломерациясында жыл сайынғы зиянды заттар көлемі 225 мың тоннадан асады. 2024 жылы қаланың жиынтық шығарындылары 189 мың тоннаны құрап, оның 60%-ы көліктердің үлесіне тиген. Ал соның ішінде "Евро-0" класты машиналардан шыққан түтін негізгі үлесті алып, жалпы көлемнің 84%-ын немесе 94,6 мың тоннаны құраған.

Осыған байланысты шаhарда бірқатар кешенді шаралар қабылданбақ.

Жоспарға сәйкес, қалада төмен шығарындылар аймақтары (LEZ) енгізіледі. Мұндай аумақтарға экокласы төмен көліктер ақылы негізде кіре алады. Сонымен қатар коммуналдық және жеке автопарктерге, стационарлық шығарындылар көздеріне қойылатын талаптар күшейеді. Экомониторинг ауқымы кеңейтіліп, жанармай сапасына бақылау да қатаңдайды.

Пилоттық жоба биыл қазан айында бірқатар орталық магистральдарда басталмақ. Әзірге ол төлемсіз сынақ түрінде іске қосылып, көлік ағындары мен "базалық жылдың" автопаркі зерттеледі.

"Алдағы уақытта Евро-0-4 класты көліктер үшін кіру ақылы болады. Ал электромобильдер, сутекті қозғалтқыштағы көліктер, сондай-ақ, Евро-5 және Евро-6 класты машиналар төлемнен босатылады",- деп түсіндірді әкімдікте.

Аймақ ішінде тұрақты тұратын тұрғындарға жеңілдіктер қарастырылған. "Таза қала" ақпараттық жүйесіне тіркеліп, техникалық байқаудан өткен жағдайда олар ай сайынғы абонементті төмендетілген бағамен ала алады.

Ақылы кірістен түскен қаражат жасыл бастамаларды жүзеге асыруға, қоғамдық көлікті дамытуға және әлеуметтік қолдауға жұмсалады.

Сонымен қатар осы қаражат есебінен экологиялық класы төмен ескі автокөліктерді кезең-кезеңімен сатып алу бағдарламасы іске қосылады. Әкімдіктің пайымынша, бұл шара шектеулердің әлеуметтік әсерін азайтып, автопаркті жаңартуға және экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.

Бұған дейін, LS редакциясы мегаполисті ескі көліктердің басып қалғанын жазған болатын. Сондай-ақ, LS қалаға ескі машиналардың кіруіне шектеулер енгізілетіні туралы алғашқы болып ақпарат таратқан еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.