АЭС салуға қауқарымыз ма

1 августа 2024 года

Қазақстанда атом электр стансасын салу – елдің индустриялық дамуына қажетті ең оңтайлы әрі тиімді шешім. АЭС ол экономиканың барлық салаларының дамуына оң ықпал етеді.

АЭС сияқты ауқымды және ғылыми-техникалық прогресске жетелейтін тың жобаны жүзеге асыру - энергетиканың, экономиканың, құрылыстың, ғылымның және тағы басқа заманауи технологиялар оның ішінде баса айта кетерлігі әлеуметтік саланы дамытуды көздейді. Сондай-ақ, бұл жобаның жаңа жұмыс орындарын ашуға, техникалық мамандарды даярлауға, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға, сол арқылы ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға, өңірдегі білім, медицина, жол, коммуналдық желілер мен құрылыс, қысқасы инфрақұрылымның жан-жақты дамуына қосатын үлесі айтарлықтай мол. Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, әлеуметтік аспекті мен экономикалық ахуалды нығайтуда маңызды қадам болмақ.

Бейбіт атом энергетикасы күллі жер жаһанда танымал әрі сұранысқа ие. Ал, ядролық қарудан бас тартып, атом қуатын адамзат игілігіне бейбіт мақсатта ғана пайдалануды бағдар еткен елімізүшін атом саласы айрықша маңызды. Бейбіт атом өнеркәсібін дамытып оны пайдалануда Қазақстанда барлық озық технологиялар да қажетті мамандар да бар. Барлық алғышарттар қарастырылған. 

Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ, ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты бар. Онда білікті кадрлар, профессорлар мен ғалымдар еңбек етуде. Олар атом электр станцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында әлемдік деңгейдегі жұмыстарды жүргізеді. Бұл жұмыстардың нәтижелері Жапония, Франция және басқа да ғалымдарымыз ынтымақтасатын елдердің бірқатарындаинновациялық атом электр станциялары жобаларында қолданылған. 

Осы жоғарыда аталған Ядролық физика институтында 57 жыл бойы Қазақстандық су-суреакторы табысты жұмыс істеп келеді, бұл еліміздегі жалғыз стационарлық, көп мақсатты (іргелі, қолданбалы зерттеулер, медициналық және өнеркәсіптік радиоизотопты өнімдерді өндіру бойынша) зерттеу реакторы, ол Қазақстанда АЭС салу үшін қарастырылып жатқан реакторлардың түпүлгісі (прототипі) болып табылады. Институт базасында заманауи инновациялық зертханалар жұмыс істейді, онда жаңа қондырғылар мен құрылғылар әзірленеді, атом саласы үшін кадрлар даярланады. Теориялық және практикалық білім беріледі. 

Одан бөлек, жыл сайын отандық мамандар шет елде тағлымдамалардан өтіп, тәжірбиелерін кеңейтеді. Түрлі бағдарламалар аясында курстар ұйымдастырылып, семинарлар өткізілуде. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын тәуелсіз ұйым қазақстандық мамандарды даярлап, біліктілерін арттырып, тәжірбиемен бөлісуде. Бұндай шаралар үздіксіз жүргізіледі. Мақсат – білікті кадрлар даярлау, олардың саны мен сапасын арттыру. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы  (ҚР ҰЯО) бүгінде табысты жұмыс істеп келеді. Бұл нысандарда ядролық технологиялардың жетекші жеткізушілерімен бірлесіп жұмыс істеп тұрған және болашақ ядролық реакторлардың қауіпсіздігін негіздеу үшін зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша қолданыстағы атом электр станцияларында нақты қолдау тапты.

Себебі, атом энергетикасы бұл адамзаттың өзара байланысатын жаһандық үш міндеті:энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық өсу және экологияны реттеуге ықпал ететін технология. 

Демография өскен сайын, өндіріске де сұраныс артады. Бұл өз кезегінде энергияға деген сұраныс. Өткен жылы республикада электр энергиясын тұтыну көлемі 115 миллиард киловатт-сағат болса, оның ішінде өндіріс 112,8 миллиардты құраған. Мамандар алда энергия тапшылығы болатыны жайлы мәселені жиі көтеруде. Оңтүстік өңірлердегі тапшылық қазірдің өзінде байқалады, шамамен 55%-ды құрайды. Бұл тапшылықтың нәтижесіалдағы екі-үш жылда шектеулер мен тоқтаулар түрінде сезілуі мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.