Жаңа жылдан бастап банктік карталарға бақылау күшейеді

сегодня

2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың мобильдік аударымдары жаңа тәртіппен бақыланады. Салық сарапшысы Дмитрий Казанцев LS-ке берген сұхбатында тексеріулерге қалай дайындалу керегін айтты.

Банктік карта "таза" болуы тиіс

Д. Казанцевтің айтуынша, егер аударымдарда жүйесіздік байқалса, мысалы, жиі әрі ретсіз түсетін төлемдер тіркелсе, банк картасының иесінен түсініктеме сұралуы мүмкін.

"16 қазанда премьер-министр жариялаған мәлімдемеде "таза парақтан" әкімшілендіру моделіне көшу және шағын бизнеске камеральдық тексерулерді тоқтату туралы айтылды. Яғни мемлекет өткен кезеңдерге терең үңілмейтіндей әсер қалдырды. Алайда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа талаптар күшіне еніп, банктік карталарды пайдалану қағидалары едәуір қатаңдайды", – деп қосты ол.

Сарапшының айтуынша, карта тек жеке болуы тиіс.

"Оған тек жалақы, дивидендтер немесе жақын туыстардан түскен аударымдар қабылдануы тиіс", – деді Д. Казанцев Shanyraq 2025 бизнес-форумындағы сұхбатында.

Мүмкін санкциялар

Салық сарапшысы қандай жауапкершілік қолданылатынын түсіндірді. Егер табысты жасыру фактісі анықталса, салық төлеуші төленбеген салықтың 10%-ы көлемінде қосымша төлем жасауға міндеттелуі мүмкін. Ал ауырлау жағдайда салық сомасының 200%-ына дейін айыппұл қарастырылған.

"Белгілі бір жағдайларда азамат өзінің мүлкін заңды түрде тапқанын растай алмаса, ол тәркіленуі мүмкін. Мұндай тетік, негізінен, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген тұлғаларға қатысты қолданылады", – деп түсіндірді ол.

Д. Казанцевтің айтуынша, мысалы, бір адамда ресми табысы жоқ болса да 10 пәтері болса, ол мүліктің шығу тегін түсіндіруі тиіс болады.

"Меніңше, көпшілік үшін негізгі салдар- есептелген салықтың үстіне қосымша 10% төлеу міндеті ғана болмақ. Оған қоса, бұл соманы 30 жұмыс күнінің ішінде өтеуге мүмкіндік беріледі", – деп қорытындылады сарапшы.

Бұған дейін, Д. Казанцев LS редакциясына Қазақстанда үш жылдан кейін табыстарды декларациялаудан бас тарту мүмкін екенін айтқан.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.