Кіріс аз, шығын көп: салық органдары мұны қалай байқайды

сегодня

Қаржы министрлігінде кірісі мен шығысы сәйкес келмейтін қазақстандықтардың қалай анықталатынын түсіндірді, деп хабарлайды LS.

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов салық органдары мұндай сәйкессіздікті қалай анықтайтынын айтып берді.

Оның айтуынша, Smart Data Finance жүйесі жылжымайтын мүлік, автокөлік, жер учаскелері және басқа да мүлік туралы ақпаратты 80 дереккөзден жинайды. Ал мобильді аударымдар туралы ақпарат банк құпиясы туралы заңға байланысты шектеулі. Мұндай аударымдар тек белгілі бір жағдайларда және толық көлемде емес көрінеді.

Салық органдары азаматтың қанша табыс тапқанын және қанша ақша жұмсағанын салыстырады. Егер басқа да табыс көздері болса, оларды көрсету керек. Осылайша, кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты түсіндіруге болады.

"Егер сіздің ресми табысыңыз болмаса, бірақ үй, бес- алты көлік немесе басқа да қымбат мүлік сатып алсаңыз, онда салық органдарында сұрақ туындауы мүмкін. Себебі мұндай жағдайда кірісіңіз бен шығыныңыздың арасында айтарлықтай айырмашылық болады", - деп түсіндірді Ә. Тұрысов.

Егер кіріс пен шығыс арасында үлкен айырмашылық анықталса, салық органдары азаматқа немесе компанияға қосымша мәлімет ұсынуға мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы сервисті пайдалануға болады. Ұсынылған ақпарат ескеріліп, деректер қайта қаралады. Сонымен қатар, тиісті салықтарды төлеу қажет болады, деп қосты вице-министр.

Бұған дейін, 2029 жылға қарай жасанды интеллект көмегімен адал салық төлеушілерге жүргізілетін тексерулер санын 50%-ға қысқарту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.