2025 жылға қарай Қазақстанда жаңа бес ірі зауыт iске қосылады

Бұл мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемін бес есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді

3 июня 2021 года

Қазақстанда 2025 жылға дейін бес зауыттың құрылысын аяқтап, тағы жеті зауыт құрылысының басталуы жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Қазақстанда полимер өнімдерін тұтынудың негізгі драйвері болып инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар болып табылады.

"2025 жылға дейін жалпы құны $4,7 млрд болатын бес зауытты пайдалануға беру және жалпы құны $12,7 млрд болатын тағы жеті зауыттың құрылысын бастау жоспарлануда", - деді ол.

Министрдiң айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды алдын ала талдау мен полиэтиленді тұтыну болжамы, бірінші кезекте әртүрлі секторлар үшін құбырлар мен қаптама өнімдерін шығару үшін жылына шамамен 500 мың тонна, полипропиленді – 260 мың тонна, шөлмек өнімдеріне арналған полиэтилентерефталат –100 мың тоннаны құрайтынын көрсетті.

"Мұнай-газ химиясы өніміне әлеуетті жоғары ішкі сұраныстың болуы экономика салаларының қажеттіліктерін өндіріс мүмкіндігімен өзара байланыстыруды талап етеді. Осылайша, бүгінгі күні мұнай-газ секторын шикізаттық бағытынан құны жоғары болатын өнім шығаруға, яғни жоғары бөліністегі мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілмек", - деп түсіндірді ол.

Ноғаевтың айтуынша, қойылған міндеттерді іске асыру келесi нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемін 2020 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай бес есеге 2 млн тоннаға дейін ұлғайту, мәлімделген жобаларды іске асыру үшін тартылған қаражат көлемін 3,9 трлн теңгеге дейін арттыру.

"Сондай-ақ, бұл мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай сегіз есе $1,336 млрд-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Ол барлық түсімнің 80%-ға жуығын құрайды. Осыған орай 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрылып, операциялық қызмет кезеңінде 4,4 мыңнан астам білікті кадрлар қажет болады", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, LS редакциясы Қазақстанды шикізат экономикасынан аластататын бес жоба туралы хабарлаған болатын. Алайда, осыған дейiн полиэтилен мен полипропилен өндіру жобаларының тиiмдiлiгiне күмән келтiрiлген едi.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.