Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбаттауы ықтимал, деп хабарлайды LS.
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов тарифтер мораторий аяқталғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"II тоқсан соңына қарай өзгерістер болуы мүмкін. Біз электр энергиясын өндіру тарифін реттейміз. Қазір әріптестерден өтінімдер түсіп жатыр, онда негізінен жалақыны арттыру қажеттілігі айтылған. Сонымен қатар газ бен ЖЭО-ға арналған су құнының екі есеге өсуі сияқты басқа да шығындар артқан", – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, министрлік аталған шығындардың қаншалықты негізді екенін тексеріп жатыр.
Бұған дейін LS мораторийден кейін электр энергиясы тарифтерінің өзгеруі мүмкін екенін жазған еді.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қазанда Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, АИ-92 маркалы бензинге және дизель отынына тарифтерді көтеруге мораторий енгізіліп, ол 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін белгіленген.


.jpg)







