Жүздеген мың қазақстандық жұмыссыз жүр

115 мыңнан астам адамның жұмыс табуға мүмкіндігі жоқ

13 августа 2021 года

Қазақстанда 451 359 адам жұмыссыз, бұл жұмыс күшінің 4,9% құрайды. LS Ұлттық статистика бюросы дайындаған 2021 жылдың II тоқсанындағы елдегі еңбектің негізгі көрсеткіштерін көрсетеді.

Жасы бойынша 16-24 жас аралығына 39,9 мың жұмыссыз жатады. 25-28 жас- 37,6 мың, 29-34 жас – 125,4 мың, 35-44 жас – 105,8 мың, 45-54 жас – 84 мың, 55-64 жас – 58,4 мың және 65 жастан жоғары – 293 адам.

Бұдан басқа, олардың арасында 197,9 мың ер адам және 253,4 мың әйел адам бар.

Жұмыссыздық деңгейіне келетін болсақ, 2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша ол 4,9%-ды құрады. Көрсеткіш білімге байланысты ерекшеленеді. Мәселен, Қазақстандықтардың 4,2%-ы жоғары білімді, 5,1%-ы орта кәсіптік, 4,1%-ы бастауыш кәсіптік, 7,7%-ы жалпы орта білімді жұмыссыздар болып табылады.

Сонымен қатар, жұмыссыздықтың әртүрлі себептері бар. 115 мыңнан астам адамның жұмыс табу мүмкіндігі жоқ, 102 мыңы өз еркімен, 49,1 мыңы отбасы жағдайына байланысты жұмыстан кеткен. 45,7 мыңы кәсіпорынның таратылуына байланысты қысқартылып немесе жұмыстан шығарылған, 37,9 мыңы үй шаруашылығымен айналысады, 22,5 мыңы денсаулығына байланысты еңбек ете алмайды, ал 22,4 мың адамның келісімшарт мерзімі аяқталды. Сонымен қатар, 19,6 мың жұмыссыз оқу бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығына шағымданады.

Бұдан басқа себептер арасында кәсіпкерлік қызметпен айналысу, зейнеткерлікке шығу, жұмыс істеу қажеттілігінің болмауы және т. б. көрсетілген.

Бюроның деректеріне сәйкес, 126,4 мың жұмыссыз қазақстандық ешқашан жұмыс істемеген, 35,8 мыңы – үш жылдан астам, 39,3 мыңы – бір жылдан үш жылға дейін, 50,7 мыңы – алты айдан 12 айға дейін, 85,1 мыңы – үш айдан алты айға дейін, 77,5 мыңы – бір айдан үш айға дейін және 17,6 мыңы – бір айдан аз.

Жұмыссыздардың көпшілігі үшін соңғы жұмыс орны cауда – 56,3 мың, өнеркәсіп – 41,2 мың (оның ішінде өңдеуші – 22,9 мың), білім беру – 36,4 мың, құрылыс – 30,1 мың, vемлекеттік басқару және қорғаныс – 17,3 мың, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 15,9 мың, көлік және қоймалау – 14,2 мың адам болды.

Алайда жұмыссыздар жұмысқа орналасуға тырысып, бұл үшін бірнеше әдісті қолданды. 255 мыңы баспасөзден және ғаламтордан хабарландырулар іздеді, 237,9 мыңы достарына, таныстарына және туыстарына жүгінді, 124,1 мыңы түйіндемелерін кәсіби және әлеуметтік желілерде, 115,3 мыңы интернетте немесе баспасөзде орналастырды немесе жаңартты. Сондай-ақ 106,6 мыңы мемлекеттік жұмыспен қамту мекемелеріне жүгінді.

Айта кетейік, деректер ұлттық статистика бюросында өткізілген 4,4% үй шаруашылықтарының іріктелген зерттеуіне негізделген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.