Жұмысшыларды сақтандыруда жаңа тарифтер енгізіледі

сегодня

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша жаңа тарифтер енгізу мүмкіндігі талқылануда, деп хабарлайды LS.

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында сақтандыру жүйесіне енгізілуі мүмкін өзгерістер туралы айтты.

Оның айтуынша, қазіргі сақтандыру сыйлықақысының белгіленген ең төменгі шегін алып тастап, кәсіби тәуекелдер, сала ерекшелігі мен сақтандыру төлемдерінің статистикасын ескеретін икемді тарифтік жүйеге көшу мәселесі қарастырылып жатыр.

"Қазір нарықтағы орташа шығындылық деңгейі шамамен 55%-ды құрайды. Кейбір сақтандыру ұйымдарында бұл көрсеткіш 80%-ға дейін жетіп отыр. Міндеттемелердің артуы мен жаңа төлем түрлерінің енгізілуіне байланысты шығын көлемі алдағы уақытта да өсуі мүмкін", – деді үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, міндетті сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығы тек бүгінгі төлемдер көлемімен емес, сақтандыру ұйымдарының болашақтағы ұзақмерзімді міндеттемелерін орындау қабілетімен де айқындалады. Өйткені бір ғана жазатайым оқиға сақтандыру жарналарының көлемінен бірнеше есе асатын төлем міндеттемелерін туындатуы мүмкін.

Сақтандыру ұйымдарының деректеріне сәйкес, бұрын болған жазатайым оқиғалар бойынша болашақ аннуитеттік төлемдер көлемі шамамен 286 млрд теңгеге жетеді. Бұл сома жиналған сақтандыру сыйлықақыларынан (136,1 млрд теңге) екі есе, ал нақты төленген өтемақылар көлемінен (45,2 млрд теңге) бірнеше есе жоғары.

Үкімет басшысы жүйе параметрлерін өзгерту, оның ішінде тарифтерді қайта қарау туралы шешімдер болашақ міндеттемелерді өтеуге жеткілікті қаржы көлемін растайтын актуарлық есептеулер негізінде қабылдануы тиіс екенін айтты.

Бұл мәселелерді шешу үшін қазір Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған жобалық кеңсе жұмыс жүргізіп жатыр. Оған мүдделі тараптармен қатар тәуелсіз шетелдік актуарийлер де тартылған. Нәтижесінде сақтандыру тарифтерін есептеудің неғұрлым негізделген әдістемелері әзірленіп, сақтандыру сыйлықақысының ең төменгі мөлшерін қайта қарау және шағын бизнеске түсетін салмақты азайту бойынша ұсыныстар дайындалуда.

Бұған дейін, мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров ең төменгі сақтандыру сыйлықақысын ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) емес, айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланыстыруды ұсынған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.