Өзбекстанмен шекарада жаңа Қорғас үлгісіндегі орталық салынады

5 февраля 2025 года

Қазақстан-өзбекстан орталығына инфрақұрылым құру үшін 27 млрд теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды LS.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәжіліс депутаттарына "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қандай болатынын айтып берді.

"Сыртқы және ішкі инфрақұрылымға 27 млрд теңге бөлінеді, оны бюджеттен тыс қаражат есебінен салу жоспарланған. Түркістан облысының әкімдігі ашық конкурс өткізіп, негізгі инвесторды анықтады. Қазіргі уақытта инвестор жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысуда. Техникалық және құрылыс жұмыстары 2026 жылдың IV тоқсанында аяқталады, ал ресми ашылу 2027 жылдың бірінші жартысына жоспарланған", – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, орталық Қазақстандағы "Атамекен" және Өзбекстандағы "Гулистан" бақылау-өткізу бекеттерінің маңында орналасады. Онда өндірістік алаңдар, қоймалар және көлік инфрақұрылымы болады. Бұл жүк тасымалдау уақытын қысқартуға, логистикалық шығындарды азайтуға, жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын кемітуге және өнімнің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Орталықтың жалпы аумағы 100 га құрайды, оның 50 гектары – Қазақстанға, ал қалған 50 гектары –  Өзбекстанға тиесілі. Бұл аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі беріледі.

Депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Арман Шаққалиев екі елдің вице-премьерлері қол қойған $7 млрд көлеміндегі жобалар жоспары дайын екенін мәлімдеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.