Өзбекстандық инвесторлар Қазақстанда төрт өндіріс ошағын ашпақ

20 мая 2024 года

Қазақстанда өзбекстандық инвестицияға төрт өндіріс нысаны іске қосылмақ. Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде жобалар Алматы, Жамбыл, Қарағанды облысы мен Шымкентте іске асырылатыны хабарланды. Өңірлерде келесі жылы $189,7 млн-ға төрт жоба іске асырылады деп күтілуде.

Шымкентте стерильді дәрілік нысандар мен гигиеналық құралдар өндірісін енгізу жоспарланған. Берілген ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында 140 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 15 мың тонна өнімді құрайды.

Жамбыл облысында полимерлі жабыны бар болат дайындамалар өндірісін бастау жоспарлануда. Мұнда 500 мың тонна дайындама және 200 мың тонна мырышталған болат шығарылады деп күтілуде. Жобаны келесі жылы жүзеге асыру көзделген. 400 адамға дейін жұмыс орны ашылады.

Алматы облысында Өзбекстандық инвестор 300 жұмыс орнын құра алатын металл конструкциялар мен бұйымдар өндірісін жолға қоюға ниетті. Жаңа нысанның қуаты – 700 мың тонна металл прокаты (арматура, арна, катанка, дайындамалар және т.б.). 

Ал Қарағанды облысында Howo жүк автомобильдерінің өндірісі жолға қойылмақ. Жаңа 180 адамдық жұмыс орны құрылады. Қуаты 1,2 мың бірлікті құрауы мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.