Қызылорда облысының агрожобаларына миллиардтаған қаржы салынбақ

Оларды іске асыру 2021-2025 жылдарға белгіленген

19 апреля 2021 года

Қызылорда облысында жалпы құны 25 млрд теңге болатын тағы үш өндіріс ошағы ашылмақ. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Шиелі ауданында 20,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кешені салынады. Кәсіпорында сағатына 14 мың л шырын өндiрiсiн, тәтті консервіленген өнімнің сағатына 10 мың банка өндірісін жолға қояды. Сондай-ақ, сағатына 5 мың кг кептірілген жемістер мен 5 мың банка джем шығарылмақ.

Бұдан басқа, 4,5 млрд теңгеге жоңышқа өндірісі салынады. Бұл жобаның қуаттылығы 120 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданында 500 млн теңгеге күріш сабанынан целлюлоза шығаруды жолға қою жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары да осы жылы басталады деп күтiлуде. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін жер учаскесі рәсімделіп жатыр. Өндіріс қуаттылығы 2,88 мың тонна крафт қағазын құрайды.

Мемлекеттік құрылымдардың мәліметтері бойынша, бұл жобалар 2021-2025 жылдары іске асырылатын болады. Жалпы құны – 25,3 млрд теңге. Олардың басталуы 258 жұмыс орнын ашады.

Сонымен қатар, әкімдікте облыста шетелдік инвесторлармен тағы екі жаңа өндіріс ашылуы мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, чех компаниясы сыра, сусындар, шырындар шығаруға, ал моңғол тарапы тері мен жүнді қайта өңдеуге мүдделі. Олардың құны белгiсiз.

Бұған дейін LS, өңірде құны 554 млрд теңгеден асатын 26 жоба іске асырылатынын жазған болатын. Олардың ашылуы 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шыны зауытының айналасында кемінде сегіз өндіріс құру жоспарлануда. Мысалы, шыны талшық, айна, шыны ыдыс және ыдыс өндіру бойынша үш жобаны дайындау басталып кеттi.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.