Теңге жыл соңына дейін қандай бағамды ұстап тұрады

Мұнай нарығы құбылмалы күйде болып қала бермек

3 сентября 2021 года

Кәсіби қатысушылар ұлттық валюта бағамы мен 2021 жылдың соңына дейінгі инфляция деңгейін болжады деп хабарлайды LS.

AERC талдаушысы Диас Құмарбеков 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,9% құрайды деп күтуде. Бұған үй шаруашылықтары тарапынан тұтынушылық сұраныстың біртіндеп қалпына келуі, фирмалардың инвестициялық сұранысы, нақты экспорт пен импорттың ұлғаюы және т.б. ықпал етеді. Негізгі драйверлер сауда әріптес елдер экономикаларының өсуі (4,9%), сондай-ақ, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің ұлғаюы болып табылады.

"Егер курс туралы айтатын болсақ, біздің болжамымыз бойынша, 2021 жылы ол $1 үшін 425-428 теңгені құрайтын болады. Ұлттық валюта бағамына әсер ететін негізгі сыртқы факторлар соңғы екі ай ішінде тұрақтылықты көрсетпейтін Brent бағасы, сондай-ақ, АҚШ ФРЖ экономиканы ынталандыруға қатысты кейінгі іс-қимылдарға қатысты шешімі болып табылады. Ал ішкі себептерге инфляция мен Ұлттық банк тарапынан монетарлық саясат жатады", – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Құмарбеков тамыз айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция 8,7%-ға жеткенін, бұл 2016 жылғы қарашадан бергі ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

"2021 жылғы 13 қыркүйекте ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтеді, онда мөлшерлемені өзгерту жөнінде шешім қабылданбақ. Ол 9,5%-ға дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралады деп санаймын. Бұл теңге бағамы құнының нығаюына оң әсер етуі мүмкін", – деп нақтылады ол.

Өз кезегінде Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бизнес-талдаушысы Қарлығаш Қабдуалиева ел экономикасында қалпына келтіру процестері жалғасып, орнықты сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.

"2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өсу қарқыны 2,7%-ды құрады. Әлемдік экономика бойынша оң болжамдар мен мұнай құнының өсуі аясында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5-3,9% деңгейінде күтілуде", – деп түсіндірді ол.

Инфляцияға келетін болсақ, Қабдуалиева Ұлттық банк жүргізген халықтың сауалнамасын еске салды, оған сәйкес жыл қорытындысы бойынша оның деңгейі 4-6%-дан жоғары болады.

"Базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін арттыру сарапшылардың теңге бағамы бойынша күтулерін нығайтты. Қысқа мерзімді де, орта мерзімді де болжамдар қалыпты оң күйде қалыптасып жатыр", – деп түйіндеді ол.

Қазақстан қор биржасында USD/KZT жұбының сауда-саттығы 2 қыркүйекте $1 үшін 426,24 теңгемен жабылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.