Түркиялық инвесторлар Қазақстан өндірісіне $1 млрд астам қаражат құюға ниетті

Биыл 10 жоба іске қосылады деп күтілуде

19 марта 2021 года

Түрік инвесторлары қазақстандық өндірістерге $1 млрд астам қаржы сала алады, деп хабарлайды LS СІМ-ге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ведомство басшысы Мұхтар Тілеуберді Стамбулда жеті түрік холдингтерінің өкілдерімен кездесті: Koc Holding, Yildirim Holding, TAV Holding, Calik Holding, Kibar Holding, Atabay және Goknur Gida.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесуде тамақ өнеркәсібі, машина жасау, тау-кен металлургия саласы, инфрақұрылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия өнеркәсібі және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

"Қазақстанға аталған холдингтердің орта мерзімді перспективадағы жоспарланған инвестициялар көлемі $1 млрд-тан асады", - деп хабарлады министрлікте.

Сонымен қатар, Тілеуберді 10 жаңа өндірісті бастайтын түрік инвесторларымен кездесті.

"Инвесторлар машина жасау, медициналық бұйымдар, тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, тау-кен өнеркәсібі және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр", - деп түйіндеді министрлікте.

Бұған дейін LS 2022 жылы Алматы облысында түрік инвестицияларымен 9 млрд теңгеге өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша зауыттың ашылуы күтілетінін жазған болатын. Сондай-ақ, Түркиядан келген басқа компания Cолтүстік Қазақстанда Qyzyzlja АЭА аумағында $17 млн жасымық өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл қуаттылығы жылына 100 мың тонна дайын өнім шығаратын зауыт болады.

Естеріңізге сала кетейік, түрік инвесторлары қазақстандық жобаларды жүзеге асыруға $160 млн салуға дайын. Осылайша, инфрақұрылым, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу сияқты салаларда жаңа өндірістер ашылмақ. Сонымен қатар, тағы бір түрік компаниясы медициналық маскалар өндірісіне инвестиция салады. Құны шамамен $9,3 млн құрайтын "Астана – жаңа қала" жобасын арнайы экономикалық аймағының аумағында іске асыру жоспарлануда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.