Түркістан облысында 12,8 млрд теңгеге құс фабрикасы іске қосылады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.
Агроөнеркәсіптік нысан Кентау ауданында пайда болады. Ақпаратқа сүйенсек, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Оны іске қосу мерзімі осы жылға жоспарланып отыр.
"Өнеркәсіптік нысан құны – 12,8 млрд теңгені құрайды. Жоба шетелдік инвестициялармен жүзеге асырылуда", - деп қосты әкімдікте.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Маңғыстау облысында құс фабрикасы салынуда. Оны іске асыру 5 млрд теңгеге бағаланады. Өндіріс қуаттылығы жылына 5 мың тонна етті құрайды. Сондай-ақ, Қызылорда облысында 4 млрд теңгеге тағы бір құс фабрикасы іске қосылады. Оның ашылуы 2021 жылдың соңына қарай жоспарланған.
Сонымен қатар, Алматы облысында асыл тұқымды құс репродукторын және бройлер етін өндіретін құс фабрикасын ашылмақ. Құны – 117 млрд теңгені құрайтын жобаны іске асыруға 43 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылады. Асыл тұқымды құс репродукторы жылына 160 млн жұмыртқа мен 120 мың тонна ет әкеледі деп күтілуде. Нысан осы жылдың қазан айында іске қосылмақ.
Бұған дейін LS облыста 2020 жылдың қорытындысы бойынша үш құс фабрикасы іске қосылғанын жазған болатын. Мәселен, Ұйғыр ауданында өткен жылдың желтоқсан айында 10,49 млрд теңгенің құрылысы аяқталды. Оның қуаттылығы жылына – 29 мың тонна құс ет. Жаңа 500 жұмыс орыны құрылды. Сондай-ақ, Іле ауданында жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын екі құс фабрикасы іске қосылды.
Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрлігі LS-ке 2021 жылдың соңына қарай 173 мың тонна құс еті болатын жаңа 12 құс фабрикасын іске қосу есебінен ішкі нарық қуаттылығы 80%-ға дейін қамтамасыз етілетінін хабарлады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын 20%-ға қайта жүктеу жоспарлануда, бұл құс етін өндіру көлемін 400 мың тоннаға дейін немесе өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2027 жылға қарай құс етін өндіруді 700 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.