Солтүстiк Қазақстанда қандай жаңа жобалар іске қосылады

Өндiрiс ошақтарын ашуға инвесторлар тартылмақ

7 июля 2021 года
    

Солтүстік Қазақстан облысында миллиондаған долларға жаңа өндірістік ошақтары ашылмақ. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Редакцияға хабарлағандай, алты жоба агроөнеркәсіптік кешенде, біреуі тау-кен металлургиясында, біреуі жеңіл өнеркәсіпте жүзеге асырылмақ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, өңірде үйрек етін өндіретін құс фабрикасын жылына 150 тоннадан 6 мың тоннаға дейін кеңейту ұсынылды. Жобаны іске асыру қаражаты $26 млн-ға шығуы мүмкін, жүзеге асырылатын мерзімі инвестордың жоқтығынан әлі нақтыланбай отыр.

Сондай-ақ, өңірде шошқа кешенінің қуаты жанданбақ. 2026 жылы кәсіпорынның қуаттылығы жылына 51 мың тонна дайын өнімге жетеді деп күтілуде. Жоба құны – $126,8 млн құраса, мерзімі 2021-2026 жылдарға жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, $10,4 млн-ға мал бордақылау және ІҚМ етін қайта өңдеу бойынша кәсіпорын құру жоспарлануда, жобаның қуаты жылына 1,5 мың тоннаны құрауы мүмкін.

Сонымен қатар, шетелдік инвесторды май экстракциялық зауыт құрылысына тарту қарастырылуда. Осы жоба аясында жыл сайын 847 мың тоннаға дейін күнбағыс, рапс және соя тұқымдарын аралас өңдеу процесін пайдалану көзделіп отыр. Инвестициялардың болжамды көлемі – $179 млн. Аталмыш зауытты іске қосу есебінен 364 жұмыс орны пайда болады. Сондай ақ, жылына 20 мың тонна зығыр майы шығаратын зауыт салынуы мүмкін. Жобаның құны $20 млн-ға бағаланып отыр.

Өңірде $17,7 млн-ға тағы бір агроөнеркәсіптік объект салынуы мүмкін, атап айтқанда, жылына қызанақ пен қияр өсіру бойынша ауданы 3 га жылыжай кешені 10 га-ға дейін кеңейтілмек. Жаңа 54 жұмыс орны құрылады.

Сырымбет кен орнында қалайы кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша тағы бір тау-кен металлургия кешенін салу мүмкіндігі қарастырылуда. Өңдеу қуаттылығы жылына 2 млн тонна кенді құрайды. Пайда болуы мүмкін соңғы жоба – $9,4 млн-ға санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін шығаратын зауыт.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.