Шымкентте жаңа зауыттар мен фабрикаларға 155 млрд теңге қаржы құйылмақ

Кейбір нысандар өткен жылы ашылуы керек еді

19 апреля 2021 года

Биылғы жылы Шымкентте 155 млрд теңгеге жаңа кәсіпорындар ашу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке қалалық әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 155 млрд теңгенің 46 жобасы химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, білім беру, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және басқа салаларда пайда болады.

Мәселен, осы жылы мегаполис 18,2 млрд теңгеге металлургия зауытымен толығады. Жоба Қытайдан келген инвестормен жүзеге асырылуда. Айта кету керек, бастапқыда оның басталуы 2019 жылдың наурызына жоспарланған болатын, содан кейін іске қосу мерзімі 2019 жылдың III тоқсанына ауыстырылды. 2020 жылғы ақпанда іске қосу-жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың І жартыжылдығында одан әрі пайдалануға беру актісін алумен жүргізу жоспарланғаны хабарланды. Өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тонна дайын өнімді құрайды. Кәсіпорынның құрылысы 2017 жылы басталған.

Тағы бір қытайлық компания ферросиликомарганец өндірісін ұйымдастыруға көмектеседі деп күтілуде. Жоба құны – 2,9 млрд теңге. Кәсіпорында жылына 50 мың тонна өнім шығарылмақ.

2015 жылы қазақстандық инвестор құрамында резеңке бар қалдықтарды қайта өңдеу және 245 млн теңгеге құм композициясы полимерінен бұйымдар өндіру бойынша жобаны іске асыра бастады. Құны 65 млн теңгені құрайтын жобаның іске қосылуы 2019 жылға белгіленген болатын. Енді кәсіпорынның толық іске қосылуы осы жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Шымкентте газоблоктар өндірісін 1,7 млрд теңгеге жолға қою көзделген. Бұл жобаны іске асыру 2017 жылы басталды.

Сондай-ақ, қалада 11 млрд теңгеге трет-бутил эфирі мен ұнтақ полипропилен өндіретін зауыт салынуда. Бұған дейін әкімдікте жобаның бастапқы құны екінші кезеңде 11 млрд теңгені, екінші кезеңде 17,2 млрд теңгені құрайтынын хабарлаған болатын. Жаңа өндірістің қуаттылығы – 57 мың тонна дайын өнім әкелмек. Сонымен қатар, химия зауытының ашылуы 2020 жылға жоспарланған болатын. Кәсіпорында 152 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы мегаполисте 23,4 млрд теңгенің тағы бір өндірісі іске қосылды. Атап айтқанда, алюминий банкаларын шығаратын өндіріс ошағы. Жобаның қуаттылығы 750 млн бірлік алюминий банкалар (көлемі 450 мл) мен қақпақтарды құрайды.

Биыл әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілуі мүмкін. Құны – 12,6 млрд теңге. Сондай-ақ, 3 млрд теңгеге екі фармацевтикалық жоба да пайда болуы мүмкін. Қалада медициналық мақсаттағы бұйымдар дайындайтын зауыт салынуда, онда инсулин шприцтері, үш түрлі инелер, иммуноферменттік анализаторлар шығарылады. Басқа кәсіпорында фармацевтикалық препараттар жасау жоспарлануда.

Сонымен қатар, қалада 750 млн теңгенің жылыжайы мен 850 млн теңгенің көкөніс пен көкөніс өңдеу кәсіпорны іске қосылады. Әкімдікте хабарлағандай, ауыл шаруашылығы саласында 16,3 млрд теңгеге 28 жоба жүзеге асырылып, 1,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Анықтама

Метил-трет-бутил эфирі құрамында оттегі бар жоғары октанды компоненттердің бірі болып табылады, ол этилденбеген автомобиль бензиндерін алу кезінде пайдаланылады. Ол бензиндердің октан санын көбейтетін және отынның толық жануына ықпал ететін мотор отынына қосымша ретінде қолданылады. Қазақстандық нарықтың октан көтеретін телімдерге жылдық қажеттілігі 80 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда қуаттылығы жылына 20 мың тонна болатын бір ғана кәсіпорын бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.