Шымкентте миллиондаған қаржыға қос бірдей қала пайда болады

Жаңа жоба ежелгі атмосфераны қалыптастырады деп күтілуде

13 марта 2020 года
    

LS редакциясы "Шымкент қалашығы" тарихи-мәдени кешенінің құрылысының егжей-тегжейін білді.

Қалалық құрылыс басқармасында ресми сауалымызға жауап ретінде кешен цитадельден, шахристаннан және рабаттан тұратын болады деп хабарлады. Бұл ежелгі атмосфераны құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 55 орындық амфитеатр, галерея және ашық аспан астындағы мұражай салынады.

Сонымен, биыл ежелгі мұражай мен галерея құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді.

"Бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 254,5 млн теңге қарастырылған. Атап айтқанда, "Ежелгі Музей" жобасын жүзеге асыруға 136,5 млн теңге, ал "Галерея" құрылысына – 118 млн теңге бөлінеді",- деп түсіндірді басқармада.

Сондай-ақ, амфитеатрдың құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Ақпаратқа сәйкес, нысан Тәуелсіздік саябағы мен қалашығын байланыстырады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.