Сиыр етінің бағасына қатысты министрлік түсініктеме берді

сегодня

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің бағасы күрт қымбаттайды деген болжамға негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова ет бағасының қазіргі жағдайы мен болашақтағы динамикасына тоқталды.

"Қазір Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы- килограмына 3,8 мың теңге. Астанада еттің бағасы 3,8 мың теңгеден басталып, 4 мың теңгеден асады. Бірақ сиыр еті қымбаттайды деп алаңдауға негіз жоқ. Ішкі нарықтағы сұраныс отандық өндіріс есебінен толық қамтамасыз етіліп отыр",- деді ол.

Вице- министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда 434 мың тонна сиыр еті өндірілген. Биыл ет өндірісі одан әрі артып келеді.

Бұған дейін, елде қой етінің бағасы төмендегені хабарланған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.