Салық реформасы Қазақстанға конверттерде берiлетiн жалақыны қайтаруы мүмкiн

Мұндай тәуекелді ЖТС прогрессивті шкаласы енгiзедi

29 июня 2021 года

Жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы туралы мәселе жалпыға бірдей декларациялауға толық көшкеннен кейін қайтарылады. Бұл туралы LS-ке Ұлттық экономика министрлігінде хабарлады.

Министрлiктiң мәлiметiнше, прогрессивті салық салудың тиімділігі үшін бірқатар жағдайлар қажет. Олардың бірі міндетті жалпыға бірдей декларациялау жүйесі болып табылады.

"Осыған байланысты жалпыға бірдей декларациялауға толық көшкеннен кейін жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласын енгізу мәселесін қарауға оралу орынды деп санаймыз", – деп түсіндірді LS-ке ҰЭМ-де.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кірістер мен мүлікті декларациялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық енгізілетін болады.

Олар шектер мен шкала ставкалары анықталмаған және ашық талқыланатын болады деп қосты.

"Прогрессивті салық шкаласының мәні – жалақысы жоғары жұмысшылардың елдің дамуына көбірек үлес қосуы. Бұл ретте салық түсімдерінің мөлшері мөлшерлемелерге байланысты болады", – деп атап өтті ҰЭМ-де.

Осыған қарамастан, мұндай шараның бір тәуекелі бар – бұл "конверттердегі" үлесінің артуы. Министiрлiкте 2006 жылға дейін Қазақстанда 5%, 10%, 15%, 20% мөлшерлемелерімен жеке табыс салығына төрт сатылы прогрессивті шкаласы қолданылғанын еске салды.

"2007 жылы "конверттерде" берiлетiн жалақы үлесін төмендету үшін прогрессивті шкаладан 10% тегіс мөлшерлемеге көшу жүргізілген болатын. Осыған байланысты бұл ЖТС прогрессивті шкаласын енгізу кезіндегі негізгі тәуекелдердің бірі "конверттердегі" жалақы үлесінің артуы болып табылады", – деп атап өтті ҰЭМ-де.

Анықтама

ЖТС прогрессивті шкаласы – бұл белгілі бір шектері бар табыс деңгейіне байланысты осы салықтың өзгеретін мөлшерлемесі. Табыстың ұлғаюы жеке табыс салығының мөлшерлемесінің кезең-кезеңімен өсуіне әкеледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.