Ресейліктер мен белорустардың Қазақстанда 12 мыңға жуық шоты бар

8 апреля 2022 года
    

24 ақпаннан бастап қазақстандық банктерде ресейліктер мен белорустар 11,9 мыңнан астам шот ашты, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі аталған мемлекеттердің 162 мың азаматының Қазақстан банктерінде шоттары бар екенін хабарлады.

"24 ақпаннан бастап Ресей мен Беларусь тұрғындары үшін 11 940 шот ашылды. Оның ішінде 10 725 шот - өтініш берушінің немесе сенімді тұлғаның жеке қатысуымен, 1 215 шот – қашықтан. Резидент емес заңды тұлғалардың жаңа шоттарының өсуі шамалы. Ағымдағы жылдың ақпан айының соңынан бастап ресейлік жеті компания үшін банктік шоттар ашылды. Қазақстандық банктерде шоттары бар көрші елдің ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті", - деп атап өтті қаржы агенттігінде.

Ведомствода шотты ашу электронды өтініш арқылы офлайн режимде де, онлайн режимінде де жүргізілуі мүмкін екенін еске салды.

"Тиісті тексеру аясында банктер шетелдік тұлғалар мен бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіруде, сондай-ақ, іскерлік қатынастардың мақсаты мен сипатын анықтауда", - деп қорытындылады қаржы нарығын реттеу агенттігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.