Ресей мен Түркиялық инвесторлар Атырау облысында ірі өндіріс ошақтарын ашуға ниетті

5 января 2023 года

Атырау облысында Қазақстан, Түркия, Ресей инвесторларының қатысуымен тоғыз өндірісті іске қосу жоспарланған. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте айтты.

2023 жылы 11,2 млрд теңгеге төрт жобаның ашылуы күтілуде. Мәселен, облыста 1,9 млрд теңгеге геосинтетикалық маталар өндірісі іске қосылады, онда 67 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвесторы – Ресей. Тағы бір осындай жоба – экструзиялық геосинтетика өндірісі – 3,03 млрд теңгеге бағаланды. Ол ресейлік компанияның қатысуымен жүзеге асырылады нәтижесінде 61 адам жұмысқа орналасады.

Сондай-ақ, биылғы жылы есептеу аспаптары өндірісінің басталуы күтілуде. Жобаның құны – 1,2 млрд теңге. Жылына 216 мың дана өнім шығару жоспарлануда. 50 жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа, өңірде 5,07 млрд теңгеге бройлерлік бағыттағы құс фабрикасы салынып, іске қосылады. Қуаты – жылына 2,6 мың тонна. 79 адам жұмысқа орналасады.

Келесі жылы 4,6 млрд теңгеге тауарлық бетон және автоклавты газоблок шығаратын зауыт іске қосылмақ. Мұнда жылына 70 мың текше метр өндірілетін болады. Жұмысқа 150 адам орналаса алады.

2025 жылы Қашаған кен орнының шикізат базасында газ өңдеу зауытын ашу жоспарлануда. Жоба 380,8 млрд теңгеге бағаланады. 550 жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, Түркиядан келген инвестордың қатысуымен каустикалық сода, тұз қышқылы, алюминий оксихлориді және темір хлориді өндірісі жолға қойылуы мүмкін. Жоба құны – 29,9 млрд теңге. 56 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

2026 жылы ресейлік компаниялардың қатысуымен тағы екі ірі жоба icке қосылуы мүмкін. Осылайша, 414,5 млрд теңгеге бутадиен және оның туындыларын өндіретін зауыт іске қосылады деп күтілуде. Мұнда 440 жұмыс орны ашылады. Осы жылы өңірде 3,2 трлн теңгеге бағаланатын полиэтилен өндірісі жолға қойылып, 740 адам жұмыспен қамтылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.