Ошақбаев: Қазақстанның жүйелі қатесі – бұл қампайған мемлекеттік сыңайлы сектор

Танымал экономист Қазақстанның экономика саласындағы басты проблемалары туралы ой толғап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

17 октября 2016 года

Қазақстан Үкіметі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңестік органдары барынша инклюзивті жұмыс жасамақ. Қалай болған күнде де "Талап" қолданбалы зерттеу орталығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев осыған сенімді. LS-ке берген сұхбатында ол премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың эксперттермен өткізген алғашқы кездесуінде әңгіме не туралы өрбігенін және олардың ұсыныстары жөнінде әңгімелеп берді.

- Рахым, ең алдымен бұл кездесудің сыры неде? Эксперттер қоғамдастығының премьермен кездесуі қалай және не үшін ұйымдастырылды?

- Менің ойымша, үкімет бүгінгі экономика саласында болып жатқан жағдайларға сәйкес жауабы ретінде инклюзивтілікті көтеру, яғни халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының ашық пікірталасқа тартылуы қажет екенін жақсы түсінетін сияқты.  Қабылданған шешімдердің сапалы болуы үшін кері байланыс орнатқан жөн. Сондықтан, менен үкіметтік емес эксперттердің премьер-министрмен кездесуін ұйымдастыруыма жәрдем беруімді сұраған болатын. Премьер-министрге өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізгісі келген. Олардың барлығы көпшілік арасында танымал, экономикалық саясаттағы түрлі мәселелер бойынша жиі сұхбат беретін азаматтар. Сұхбат өте қызықты және конструктивті түрде өтті. Премьер барлығының пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, осындай диалог келешекте мемлекеттік органдардың тікелей басшыларымен жұмыс форматында жалғасын табатынын айтты. Менін түсінігімше, қарашаның бірінші жұлдызынан бастап экономикалық саясатқа қатысты кеңестің бір форматы ұйымдастырылуы әбден мүмкін. Оған эксперттік ортаның өкілдері шақыртылмақ. Олар  әлеуметтік желілерде, газет беттерінде өздері көтеріп жүрген мәселелерін үкіметке жолдай алатын болады. Бұл жерде қойылған сауалдарға жауап алу ғана емес, сонымен бірге Үкіметте Бақытжан Әбдірұлының басшылығымен жүргізілетін экономикалық саясаттың сапасын көтеруге ықпал ететін нағыз пікірталас басталатынына сенімім мол.

- Әріптестеріңіз қандай мәселелерді көтерді?

- Олар фундаменталды, институционалдық мәселелерді көтерді: билікті жеке меншіктен ажырату, заңның үстемдігі, мемлекеттік органдарының транспаренттілігі тұрғысында институционалдық реформалардың нақты жүзеге асырылуы қажет екендігі туралы ой қозғады.

Заңның үстекмдік құруы туралы айттық. Өйткені бұл экомикалық даму үшін маңызды мәселе. Біз қазір ресми өлшемдер бойынша сырткөзге кәсіпкерлікпен айналысуға инвестициялық тұрғыда тартымды болып көрінеміз. Алайда, құқықтық қолдану тәжірибеміз бұзылуда.

Сонымен қатар, еркін экономикалық аймақтар мәселесіне де тоқталдық. Мемлекеттің оларды дамыту үшін құйған инвестициясы әзірге айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ. Премьер ЕЭА-ды индустриалдық аймаққа ауыстыру қажет екені туралы пікірін жасырған жоқ.   Банктік жүйенің проблемалары да айтылды. Өйткені оның бүгінгі жағдайы дипломатиялық тұрғыдан айтқанда онша жақсы емес – қосымша капиталдандыруды қажет етеді. "Бұл кімнің есебінен жасалынбақ?" деген сұрақ ауада қалып қойған секілді. Бұл мәселе не шығындарды ұлттандыру жолымен шешілетін болады, яғни мемлекет 2008 жылы орын алған түсініксіз нәтиже сияқты Ұлттық қордың есебінен. Ал бұл азаматтардың ортақ қаржысының көмегімен жекеменшік банктерді құтқарады. Немесе акционерлердің өздері қосымша қаржыландыруы тиіс. Ал оларда мұндай қаржылық мүмкіндіктер бар ма? Әңгіме осында. Бұл проблема шешімін таппай қалуда, өйткені өте күрделі және кейбір стейкхолдерлер  әліптің артын бағады. Яғни мемлекет қаржылық тұрақсыздық қаупінің алдында тұрғандықтан бұл банктерді құтқаруға мәжбүр болады.

Бұл жерде этикалық дилемма бар: бұл қаншалықты дұрыс? Біз бүгін мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнеске құйып отырған қаржымыз негізінде аса маңызды жобаларға емес, банктерді қаржыландыруға  кетіп отыр. Бұл жерде, менің ойымша, ашық қоғамдық пікірталасқа үлкен алаңға негіз пайда болады.

Валюта бағамының құбылмалығы мәселесі де қозғалды. Менің ойымша, бұл қазір тактикалық жоспарда маңыздылығы жағынан көкейкесті мәселенің бірі. Біз бір жылдан астам уақыт бұрын еркін жүзу айырбас бағамына көштік. Соның нәтижесінде теңге айтарлықтай салмақты құнсызданып, жинақталған теңгерімсіздік әсер етті. Сол уақытта девальвацияны жақтаушылар мен бағамды бұрынғы деңгейде қалдыруды ұсынғандар арасында айтарлықтай қызу айтыс жүрді. Ресей рублімен диспаритет, естеріңізде болса 2014-2014 жылдары өзін көрсетіп, экономикаға айтарлықтай зиян келді. Бірақ біздің деволвацияның қажеттілігі туралы ұсынысымызды Ұлттық банк айырбас бағамының еркін жүзуімен ауыстырды. Яғни мүлде басқамен.

Мен әрдайым валюта бойынша негізгі серіктесерімізбен,  бірінші кезекте Ресеймен  бағамды төмендетушілер жағында болдым. Бірақ оны шағын белгіленген дәлізде  белгілі бір қысқа мерзімдік кезеңде қалдыруды   айтып жүрдім. Егер күрделі факторлар валютаның әлсіреуін қажет еткенде, нарықтың тіркелген валюталық дәлізді қайта қарау уақытын білгенін. 

Біз жүзу бағамына көштік және жылдан астам уақыт бағам өте жоғары құбылмалықты көрсетті. Бұған қоса ол біз тәуелді боп отырған орнықты факторларға әлсіз арақатынаста болды. Бұл мұнай  бағасы мен ресей рублінің бағамы. Нарықтың бірқатар қатысушылары  мен бақылаушылары реттеуші еркін бағам декларациясына қарамастан шынтуайтында үдеріске араласады және интервенция жасайды деп санайды. Осылайша, қазір ол мүмкін белгілі бір мағынада тіркеді, бағдар нәтижесінде өзіне ғана мәлім және өзіне ғана белгілі уақытқа. Мәселен, ОПЕК-ке мүше-елдердің өндіруді белгілеу туралы хабарламасының аясында  мұнай бағасы жоғары көтерілгендей болып, артынан қайта төмендеп, рубль әлсіреп, теңге нығая бастады. Яғни түрлі бағыттағы қозғалыстар басталды. Дегенмен бізде арақатынастық мүлде түсінікті болуы тиіс еді.

Бұл жақсы емес. Өйткені  біздің берік мақсатымыз ұзақмерзімдік келешекте – бұл монетарлық билікке сенімді көтеру. Ал бір нәрсе айтылған кезде, факт жүзінде басқа жасалады немесе бұл біздің ұлттық валютаға сенімділікті көтеруге ықпал ететіне күмән бар. Содан кейін біз долларсыздану туралы айтамыз, егер бұл жүрсе айта қаларлықта көлемде емес және оны солай айту мүмкін онша дұрыс емес шығар. сондықтан қазір маңызды мәселе – бағам бойынша бағдар беру.

Еркін айырбас бағамының ең келеңсіз әсері Қазақстан жағдайында, егер бұл жүйеге шынайы тыңдауға мүмкіндік берсе,  – бұл  экономикалық агенттерге жоспарлауға да, инвестициялауға да мүмкін бермейтін жоғары құбылмалық. Бағам мұнай бағасына берік тәуелді болады, қазіргі анықтау өте құбылмалы, теңге бағамының құбылмалығына сәйкес анықталады. Мысалы, егер мұнай бағасының құбылмалылығы +/+15% болса, бұл шындыққа сай  болмайды. Бұл теориялық тұрғыда бағам мұнай бағасының ізімен +/-50 теңге  диапазонында өзгеретінін көрсетеді. Бұл мүлде жолсыздық. Сондықтан, реттеуші ауытқуды тегістеуге мәжбүр. Бірақ қандай маңызда және қанша уақыт бағамды ұстайтынын ешкім білмейді.

Сондықтан валюталық позицияны ашу өте тәуекелді – импорттық құрамы жоғары келісімшарттарды орындауға алу, инвестиция жасау және тағы басқалар. өйткені бағам болжап болмайтын үлгіде елеулі өзгереді және сен шығынға батасың.

Мен әртүрлі банкирлермен, экономистермен көп пікір таластырдым,  өкінішке қарай бұл идеяны қолдайтындар әзірге онша көп емес. Бірақ менің байқауымша, бәрібір де "Бізге теңге бағамының еркін жүзуі керек пе?" деген тақырыпта пікірталастарды бастау керек сияқты.

Оның маңызые төмендетіп, ең болмағанда бір жыл тіркеу керек. Тұтынушы мен бизнес ең болмағанда жақын болашақты нақты білуі үшін. Оларға ең жоғары үкіметтік кепілдіктер беру керек, белгілі бір уақытқа дейін бағам өзгермейтініне. Егер орнықты факторлар – мұнай бағасы, рубль бағамында бұл кезеңде қандай да бір өзгерістер болса, біз бәрібір бағамды ұстап тұруымыз керек, бірақ белгілі бір нүктеге дейін.

Контраргументтердің бірі бағамды ұстап тұру алтынвалюта резервіне айтарлықтай қысым жасайды. Иә, экономикалық субъектілер өзін тиімді жүргізе бастайды. Егер олар мұнай барынша төмен құлдырап, бағам белгіленген болса бұл қысқамерзімдік маңызды белгілеуді қайта қаралатынын біледі. Валютаны қайта қараудың мүмкін уақытына дейін сатып алады. Бұл алтынвалюта қорына айтарлықтай қысым жасайды, бірақ жеке сектор үлкен шығынға батпайды.

Бұл жақсы, болжап болмайтын бір мезеттік деваьвацияға қарағанда. Онда экономикалық агенттердің көпшілігі  өздерінің ашық валюталық міндеттемелерін жоғалтар еді. Қайталап айтам, болжап болмайтын еркін жүзу бағамы кәсіпкерлік белсенділікті және инвестиция тартуды тоқтатады. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық пен әлеуметтік қайшылықтың өсуіне ықпал етеді.

- Өзіңіз қандай мәселені көтеруге ұйтқы болдыңыз?

- Бірінші кезекте, бюджет тепетеңсіздігі мәселесін. Біздің бюджет кірісінің 50 пайызы  трансферттер мен экспорттық кедендік төлемдер есебінен құралады. Біз қазір Ұлттық қорымызды талан-таражға салып отырғанымыз. Бүгінде экономистерді бюджеттік шығындардың тынымсыз экспансияға ұшырап отырғаны алаңдатуда. Нақты деректерге сүйенсек, 2016 жылы шығындар 23 пайызға өскен. Шын мәнінде біз мұнайдан емес кірістер тұрғысында бұндайға жол бере алмаймыз. Көптеген факторлар біздің экономикамыз көмірсутек энергия көздеріне негізделген,  оларға тәуелсіз модельге қарай жылжитын технологиялық қозғалыста тұрмыз. Бұндай жағдайда мұнай бағасы төмендейді. Біз өте қысқа мерзімде, бес жылдың ішінде өз резервімізді жаратып болған соң өз міндеттемелерімізді орындай алмай отырған жағдайымыз бар. Сондықтан, қазір біз бюджеттік ағымдағы шығындарды, тиімді емес мемлекеттік бағдарламаларды шектеп, мемлекеттің сыңайлы секторды қаржыландыру ісін айтарлықтай қысқартқанымыз абзал.

Үнемделген қаржы есебінен бюджеттік маневр жасауға болады. Яғни бизнеске жүктелген салықтық жүктемені төмендетіп, Ұлттық қордың қаржысын дамытуға инвестициялауға болады. Мүмкін бізге бірінші кезекте адами капиталды, екіншіден – инфрақұрылымды дамыту үшін жеке бюджет қажет шығар.

- Алайда инфрақұрылымды  құрайтын...

- Иә, Қазақстанда "Нұрлы жол" бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Бұл өтке қажетті дүние. Баз біреулер осы бағдараманың ертерек, яғни 2000 жылдары жасалмағанына өкінетін көрінеді. Инфрақұрылымды, сөз жоқ, дамыту керек, алайда мені білімге бағытталған шығындардың өспеуі алаңдатуда.

- Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде позициясын түсіріп алуының бірден бір себебі бюджеттің дұрыс қалыптаспағанынан ба?

-  Иә, бюджеттің тепе-теңдігі тұрғысында біз 98 позицияға кері қайттық. Рейтингті көрген болсаңыз, 42-позициядан 53  орынға түсіп кеттік.

- Ұлттық экономика министрі бұл көрсеткіште төмендеуіміздің себебін наурыз айында елімізде орын алған күрделі макроэкономикалық ахуалмен байланыстырады. Менің пайымдауымша, сіз бұл жерде жүйелі қателік кеткеніне сенімдісізғой.

- Әлбетте, жүйелі қатені өзіміз жіберіп алдық. Бұл оңай түрде бюджет қаржысын жұтып әкететін және кәсіпкерлік белсенділікті бәсеңдететін ісінген квазимемлекеттік сектор. Халықтық IPO, жекешелендіру және т.б.  арқылы оны қысқарту жолындағы талпыныстар күткен нәтижені бере алмады. Мен басқа амалды сынап көруді ұсындым – мемлекет қатыса алатын компаниялардың шектеулі тізімін жасау керек. Қалған компаниялардың барлығы бір уақытта не жекешелендірілуі керек, не жойылуы тиіс. Яғни осы тізімге кірген компаниялар ғана мемлекеттік меншікте болуға құқылы және тізімге қатаң шектеу қойылуы керек. Тізімге кіргізу экономикалық тиімділігі жағы ескеріліп, тым болмаса экономикалық саясат жөніндегі кеңесте, белгілі бір қоғамдық кеңесте кезінде өтетін нағыз пікірталас нәтижесі негізінде жасалуы керек.

Президентіміз бізге не үйретті? Жалпылық экономикалық прхагматизмге.  Біз барлық нәрсеге осындай көзқараспен өлшеп, бағасын беруіміз керек. Мысалы, бізге күн сәулесі батареясын жасап шығару үшін мемлекеттік инвестиция қажет па, қажет емес па? Меніңше, қажет емес. Кезінде осымен айналысатын Astana Solar деген компания бар болатын. Бір уақыттары осы продкорпорация қызанақ, мақта өңдеу ісімен айналысқан. Бізге бұл керек па? Керек емес шығар. Бірақ сіздер жекешелендіру жоспарына назар аударыңыздар.

Мемлекеттік аппарат Президент қабылдаған шешімдердің мінін жоғалтуда. Тізім бұзылып, ол үшін жауапқа тартылып жатқан ешкім де жоқ. Осы тізімді жасырын түрде жасаған дұрыс болатын шығар. Мысалы, шартты түрде үш жүз компанияны алайық. Тізімге енізудің барысын нақты жазу керек. Оған кіргізбей тұрып, кез келген мемлекеттік органның қандайда болсын жарғы капиталына кіру туралы шешімін заң жүзінде күшін әлсіз еткен дұрыс.

- Онда депутат Қарағұсованың мемлекеттік сыңайдағы сектордың қарызын мемлекеттік қарызбен бірге есептеген жөн деген сөзінің жаны бар болғаны ма?

- Иә, бұл мемлекеттік қарыздың кеңейтілген ұғымы деп айтылады. Бұл жайлы өзіміз қабылдаған Халықаралық валюталық қордың жолдаған ресми ұсынысы бар. Ұлттық банк 33$ млрд. құрайтын мемлекеттік қарыздың кеңейтілген мемлекеттік ұғым ретінде статистикасын жүргізеді. Сондықтан, үкімет шенеуніктері біздің мемлекеттік қарызымыз аз, бар жоғы 12,8$ млрд. дегенде, бір жағынан олард дұрыс айтады. Өйткені бұл ресми қарыз. Алайда квазимемлекеттік сектордың қарызын белгілі бір табиғи заңдылықтарға байланысты мемлекеттік қарыздан бөліп-жаруға болмайды. Өйткені мемлекет осы қарыз үшін тікелей болмаса да, жанамалай жауапты болып табылады. Қазіргі таңда түрлу сылтаулармен квазимемлекеттік секторға қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Шындығына келгенде, ұлттық компаниялар өз қарыздарын өтей алмауда. Қалай болғанда да, бюджет қаржысы квазимемлекеттік сектордың ары қарай тіршілік жасауына қолдау үшін жұмсалуда. 

- Бюджеттен квазимемлекеттік секторды ажырату үшін не істеу керек? Саяси ерік қажет па?

- Иә, саяси ерік те қажет. Сонымен бірге үлкен қажыр-қайрат керек. Бізде бұнда да проблема бар. Көптеген экономикалық бағдарламаларды талдаған кезімде, либералды экономисттің көзқараспен қарағанда, ондағы жазылған дүниелерге көңілім толды десем болады. Алайда, барлығы жақсы жазылғанымен, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Неліктен? Проблема бағдарламалардың жүзеге асырылуында, жасалуында. Өйткені біз таңдап алған бағытта жылжуымыз үшін табандылық жетіспейді. Сан-саққа жүгіретін әдетіміз бар. Біресе жекеменшік зейнетақы жүйесін жетілдіреміз дейміз, содан соң жеке меншік басқару компанияларын, БЗЖҚ жасаймыз деп оларды ұлттандыру арқылы жойып жібереміз. Мысалдар көп. Нақты мақсат таңдап, оған жету үшін ұмтылуымыз керек. Алайда мен мемлекеттік аппараттың бүгінгі институционалдық әлсіздігі мен квазимемлекеттік сектор тұрғанда,  экономикаға мемлекеттің араласуын максималды шектеуіне қол жеткізетінімзге сене алмаймын. Әзірше бұған ешкім қол жеткізхе алған жоқ. Квазимемлекеттік сектор – үкіметтің ажырамас бөлігі. Ұлттық компаниялардың басшылары мемлекеттік ведомстволарды басқарып, кейін компанияларда жұмыс жасай береді. Сондықтан, қандай позицияда болмасын олар квазимемлекеттік сектордың мүддесін қорғайды. Онда көптеген ресми және ресми емес қарым-қатынастар бар. Сондықтан, үкімет өз қолымен өзінің бір бөлігін кесіп тастауы мүмкін емес.

- Келесі жиындарда не туралы сөз қозғамақсыздар?

-   Мен келесі сұрақтарды көтерсем деймін: 2017-2019 жылдарға арналған бюджет шығындарын оңтайландыруды көздейтін МИИҮДБ, "Агробизнес", "Дорожная карта занятости", "Дорожная карта бизнеса", аймақтарды дамыту секілді мемлекеттік түбегейлі талдап, ревизияны жасауда бюджеттік маневр. Біз Ұлттық қордың жаңа концепциясы бойынша, Бюджеттік кодекске енгізілетін өзгерістер бойынша, бір сөзбен айтқанда, жаңа бюджеттік тәртіптерді ұсынатын боламыз; сондай-ақ, салықтық реформаларға қатысты, шағын және орта бизнестегі салық жүктемесін төмендету.

Екінші үлкен блок  экономикаға мемлекеттің араласуын шектеу және мемлекеттік кәсіпорындардың тізімін жасырын түрде жасауға байланысты. Квазимемлекеттік қарызды өлшеудің релеванттық әдісін, араласуын қадағалау қажет.

Сұрақтардың үшінші блогы: - әлбетте, экономиканы несиелендіру ісін қалпына келтіру туралы. Бұл үшін тұрақтандырылған бағамен қысқа мерзімдік бағыттар бойынша шешім қабылдауымыз қажет. Сонан соң банктердің несиелік портфелін тазалап, рекапитализация жөнінде шешім қабылдауымыз қажет. Не проблемасы бар банктердің шығынын мойындаймыз. Әрине, бұл әрекетіміз салымшылар, кредиторлар мен депозитарийлердің арасында келіспеушіліктер тудыруы мүмкін. Алайда, бұл нарықтық экономиканың ажырамас элементі, оны кез келген уақытта жауып тастау мүмкін емес. Нарықтық экономика дұрсы қабылданбаған шешімдер үшін жауапқа тартуы, біреудің шығындануы тиіс. Ал біз қалай жасаймыз? Тез арада шығындарды ұлттандырып, мемлекеттің мойнына іліп қоямыз.

Төртінші блок – бұл, әлбетте, Президенттің институционалдық реформаларын жүзеге асырып, кеңейту. Біріншіден, еліміз транспаренттік мемлекет. Бұл үшін біз Delivery Unit деген нәрсені ұсынамыз. Ол үкіметке емес, тікелей премьер-министрге бағынып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен өткізіліп жатқан реформалардың нақты жетістіктеріне баға беріп отыратын эксперттік орган. Осы блоктың ішінде үкіметтің ашықтығын жоғарылату туралы мәселе де кездеседі. Бәрінен бұрын, бюджеттің ашықтығына да қатысы бар. Біз, аналитик есебінде бюджетті кәсіби тұрғыда зерттеген кезде, ондағы транспаренттілік өте шектеулі екенін байқадық.  Мәліметтер шашыраңқы және талдау жасауға ыңғайлы емес екен.

Бесінші үлкен блок – бұл білім беру реформаларының тереңдетілуі, ең құрығанда білім беру саласындағы шығындарды екі есе көтеру. Әсіресе орта білім беруде. Біз бүгінгі таңда білім саласын қаржыландыру жағынан басқа елдермен салыстырғанда ақсайтынымыз жасырын емес. Ал осы шығындардың тиімділігі – бөлек әңгіме. Өйткені егер қазір министрлікке "Бюджеттеріңізді екі есе көбейтіп берсек, қаржыны қайда жұмсар едіңіздер?" деген сұрақ қойылса, олар не жауап берерін білмей қалуы әбден мүмкін.

Бұл жерде мұғалімдердің жалақысы мен педагогикалық  кадрларды даярлау мәселелері маңыздырақ деп ойлаймыз. Қазақстанда мықты педагогикалық ЖОО-ры болуы тиіс. Бүгінде еліміздегі мектептерде 3 млн бала оқыса, 2,7 млн бала әлі мектеп табалдырығынан аттамаған. Осыған қарағанда, еңбек нарығына әзірше 7 млн азамат тартылмаған, ал бұл ұлтымыздың 40%. Егер білім беру жүйесі оларға бәсекеге қабілетті мамандық бермесе, онда олар жұмыссыздар армиясын толықтыратыны сөзсіз. Оларға кедейліктің шеңберінен шығу өте киын болады. Себебі олардың білімдері жоғары табыс табуға мүмкіндік бере алмайды, ал табысы төмен болғаннан кейін олар балаларына да бәсекеге қабілетті білім бере алмайды. Ал бұл еліміздің өркениетінің бақа тармағы болып табылады. Және бұл өте маңызды. Егер менен "Сенің ұсыныстарыңның ішінен тек біреуін ғана таңдасақ, сен не айтар едің?" деп сұраса, әрине, квазимемлекеттік сектор емес, салықтар емес, бірінші кезекте білім мәселесі болуы тиіс дер едім.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.