Қазақстанда ипотека шарттары қайта қаралады

сегодня

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жаңа шарттар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды LS. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақша құнының өсуіне байланысты тұрғын үй несиелері бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 25% деңгейінде уақытша сақталады. Бұл халық үшін ипотеканың қолжетімділігі мен банк секторының тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ипотека бойынша максималды пайыздық мөлшерлеме несиеге кепілдік болып табылатын мүлік құнына LTV* байланысты анықталуы мүмкін. Бұл тәсіл несиенің қауіпсіздігін және нарықтағы нақты жағдайларды ескере отырып, теңгерімді әрі экономикалық тұрғыдан негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді", – деді Т. Сүлейменов.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымованың түсіндіруінше, бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, ипотека мөлшерлемесі соғұрлым төмен болатын әдістеме қарастырылып жатыр.

"Яғни, бір ғана 20% мөлшерлеме болмайды. Негізгі мақсат – азаматтарды бастапқы жарнаны көбірек жинауға ынталандыру. Осыған байланысты банктер бастапқы жарнаға арналған жинақ депозиттерін енгізуді жоспарлап отыр. Бастапқы жарна неғұрлым көп болса, несие сомасы мен қарыз жүктемесі соғұрлым азаяды, бұл ипотека алушылар үшін де, жалпы қаржы жүйесі үшін де қауіпсіздік деңгейін арттырады", – деді ол.

Бұған дейін, LS редакциясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің тұрғын үй несиелері бойынша жылдық есептік сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұруды ұсынғанын хабарлаған еді.

Мұндай шешім бірнеше факторға байланысты қабылданған. Оның біріншісі – 18% деңгейіндегі жоғары базалық мөлшерлеме. Агенттік қазіргі жағдайда шекті мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендету нарықтағы ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

LTV (Loan-to-Value) – бұл несие сомасының кепіл мүлкінің құнына қатынасы. Көбінесе ипотекалық немесе автокредиттеуде қолданылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.