Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдарын салық органдары қай жағдайда тексеретінін тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды LS.
"Кеше егер мобильді аударым 1 млн теңгеден асса, адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек деген бір жаңалық шықты. Бұл дұрыс емес. Сондықтан сайттар мен блогерлерге жалған ақпарат таратқандар заңға сәйкес жауап беретіні ескертемін. Ақпаратты тексермей таратпаған дұрыс. Бұл жаңалық көп талқылауға себеп болды, бірақ шындыққа сәйкес емес", – деді вице-министр.
Вице-министр салық органдарына деректерді беру үшін үш критерийдің бір уақытта орындалуы қажет екенін түсіндірді.
"Бұл дегеніміз: бір адамға әртүрлі 100 адамнан аударымдар үш ай бойы тұрақты түрде түсуі керек. Қарашада жаңа ережелер қабылданып, Ұлттық банкпен келісілді және барлық тараптармен талқыланды. Біз қосымша бір шарт қостық: аударымдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асуы қажет. Тек осы жағдайда ғана алушы салық бақылауына тартылады. Барлық шарттар бір уақытта орындалуы керек. Сол кезде банктер осы деректерді салық бақылауы үшін береді. Сонымен қатар, физикалық тұлғалардың шоттарын жабу қарастырылмаған. Біз деректердегі айырмашылықтар бойынша ескерту жібереміз, одан кейін оның ЖШС ретінде тіркелу қажет пе, соны анықтаймыз. Қайырымдылық сияқты басқа жағдайлар да есепке алынуы мүмкін. Шоттарды автоматты түрде жабу қарастырылмаған", – деп қорытындылады ол.
Бұған дейін, LS редакциясы хабарлағандай, 2026 жылдан бастап Қазақстанда мобильді аударымдар жаңа ережелер бойынша бақыланады. Сонымен қатар, мобильді аударымдарға бақылау күшейтілгені де айтылған.










