Ұлттық компанияның миллиардтаған қарызы белгілі болды

Берешекті өтеу компания активтерін сату есебінен жоспарланып отыр

28 июня 2021 года

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы кредиторларға 28,6 млрд теңге қарыз болды, деп хабарлайды LS.

1 маусымдағы жағдай бойынша компанияның Halyk Bank және "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры алдында 28,6 млрд теңге берешегі бар, деп премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың сенатордың сауалына берген жауабында хабарлады.

"Берешекті өтеу компания активтерін сату есебінен жоспарланып отыр. Атап айтқанда, "Қазақстандық авиациялық индустрия", Steel manufacturing, Семей инжиниринг кәсіпорындары, Семей машина жасау зауыты, "Тыныс", "Мұнаймаш", КИ 811 автожөндеу зауыты компаниялары, С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты және Петропавл ауыр машина жасау зауытының құны 59 млрд теңге", – делінген мәтінде.

Бұл ретте машина жасаудың жалпы көлеміндегі "Қазақстан инжиниринг" үлесі 2016 жылғы 9,9%-дан 2020 жылы 6,14%-ға дейін қысқарды.

Негізгі себеп – компанияның мемлекеттік қорғаныс тапсырысының бірыңғай операторының қызметін тоқтатуы.

Сонымен қатар, машина жасау өндірісінің көлемі 2016 жылғы 766,8 млрд теңгеден 2020 жылы 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, жекешелендіру жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін тоғыз активті "Қазақстан инжиниринг" бәсекелі ортаға беру көзделгені атап өтілді. Соның ішінде С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты, "Тыныс" компаниясы, Семей машина жасау зауыты, "Семей инжиниринг", "КИ 811 автожөндеу зауыты", Петропавл ауыр машина жасау зауыты, "Мұнаймаш", "Қазақстандық авиациялық индустрия", Steel manufacturing.

Осы ретте әлеуетті инвесторға ерекше шарттар қойылады, оның ішінде жекешелендірілетін кәсіпорынның қызмет бейінін және жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, кәсіпорынның жалақысы мен салықтары бойынша берешегін өтеу ұсынылады.

Бұған дейін, Есеп комитеті мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейден асып кетуіне алаңдаушылық білдіргені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, ұлттық компанияларда өз акционерлеріне дивидендтер төлеу үшін валюталық қарыз тартылғаны, сондай-ақ, Қазақстанның квазимемлекеттік секторында 56 млрд теңге тоқтатылғаны белгілі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
вчера
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
15 ноября 2025 года
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с Лукойлом и Роснефтью
15 ноября 2025 года
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.