Коммуналдық тарифтер тағы да өседі

сегодня

Шенеуніктер коммуналдық төлемдердің өсетінін ескертті, деп хабарлайды LS.

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қасымбаев тарифтердің қашан өсетінін айтып өтті.

"Халық үшін тарифтердің күрт қымбаттауын болдырмауға күш саламыз. Алдағы жылға жоспарланған өсім- орта есеппен 20-30% шамасында", – деді ол.

Комитет төрағасы нақты сандар туралы сұраққа жауап бере отырып, былай деді:

"Бір бөлмелі пәтер үшін коммуналдық төлемдердің өсімі шамамен 3–5 мың теңгені құрайды. Нәтижесінде, ай сайынғы төлем көлемі 28–30 мың теңгеге дейін жетеді. Ал екі бөлмелі пәтерде бұл көрсеткіш 5–7 мың теңгеге өседі".

Тимур Қасымбаевтың айтуынша, қазақстандықтар үшін тарифтерді субсидиялау көзделген. Бұл шаралар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылады.

"Тарифке жұмсалатын қарыз ақшалар негізгі қарызды, пайызын және тарифтің өзін жабуға кетеді. Ал халыққа жеңіл болу үшін, пайыздың 10%-ын мемлекет субсидия ретінде өзі төлейді", – деді комитет басшысы.

Инвестиция тарту көзі ретінде банктер, "Бәйтерек" холдингі және Қазақстан даму банкі арқылы тікелей несиелеу тетіктері қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер де жүргізілуде.

Бұған дейін, Қазақстанда биылғы жылдың басынан бастап ауызсу тарифі 9%-дан астам өскені хабарланған болатын.

Айта кету керек, 2025 жылдың IV тоқсанында коммуналдық тарифтерге уақытша шектеу енгізіледі. LS редакциясының мәліметінше, бұған қоса, ел ішінде электр энергиясы мен газ бағасы да өскен.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.