Келесі жылы ұялы байланыс тарифтері өседі

сегодня

Ұялы байланыс операторлары келесі жылы тарифтерді 15-20% арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

Үкіметтегі брифингте ұялы байланыс компанияларының өкілдері 2026 жылы тарифтердің қымбаттайтыны жайлы сұраққа жауап берді.

"Келесі жылы қоосымша құн салығы мөлшерінің өсуі барлық операторларға әсер етеді. Бұл салаға шамамен 35-40 млрд теңге қосымша жүктеме әкеледі. Сондықтан біз қаңтар айынан бастап тарифтерді 15-20% дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл клиенттер үшін баға өзгерістері болмайды", – деді Beeline Kazakhstan компаниясының президенті Евгений Настрадин.

Өз кезегінде "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының басқарма төрағасы Александр Бабичев барлық компаниялар қазір келесі жылға бюджеттік жоспарлауда екенін атап өтті.

"Жоспарлау кезінде біз салықтық өзгерістер, инфляция болжамдары және инфрақұрылымға инвестициялау сияқты факторларды ескереміз. Сол себепті тарифтерді 15-20% дейін өзгерту мүмкіндігін қарастырып отырмыз", – деді ол.

"Кселл" компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакиннің айтуынша, тарифтердің өсуі тек негізделген шығындарға сүйенуі керек.

"Егер жалдау төлемдері немесе валюта бағамы сияқты шығындар айтарлықтай өссе, біз тарифтерді қайта қарастырамыз. Ал 2026 жылы өзгермейтін әлеуметтік тарифтеріміз бар – оларды "тоқтатып қойғанбыз". Осы тарифтерге қосылып, 2027 жылға дейін баға тұрақты болады. Келесі жылы бағаны өзгертуге қатысты есептеулер жүргізіліп жатыр, ал клиенттерді алдын ала хабардар етеміз", – деді компания өкілі.

"Қазақтелеком" компаниясының бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов та тарифтерге қатысты пікір білдірді.

"Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерінде тарифтерді тек негізді себептер болса ғана көтеруге болады деп жазылған. Барлығын түсіну керек: барлық телекоммуникациялық жабдық шетелдік. Сондықтан жабдыққа немесе электр энергиясына байланысты шығындар өссе, бұл тарифтердің өсуіне тікелей әсер етеді", – деп қорытындылады ол.

Бұған дейін, Қазақстан азаматтары Wi-Fi арқылы қоңырау шала алатыны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.