Кейбір қазақстандықтардың несие бойынша борыш жүктемесі шешімін табады

21 июня 2022 года

Қазақстанда 150 мың қарыз алушының шамамен 6 млрд теңге сомаға микрокредиттері бойынша проблемалық қарыздары реттелмек, деп хабарлайды LS.

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу агенттігі "Ақ жол" партиясы депутаттарының елдегі онлайн-кредиттеуге тыйым салу ұсынысына жауап ретінде хабарлады.

"2021 жылдың 1 қазанынан бастап халыққа берілген микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті МҚҰ-ның сотқа дейінгі бірыңғай реттеу тәртібі іске қосылды. Проблемалық тұтынушылық микроқарыздардың деңгейін төмендету үшін 2022 жылғы наурызда ірі МҚҰ бойынша оларды қысқарту бойынша жеке жоспарлар бекітілді. 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар шеңберінде шамамен 6 млрд теңге сомаға 150 мың қарыз алушының проблемалық қарыздарын, оның ішінде қайта құрылымдау, өтеу және ішінара есептен шығару жолымен реттеу жоспарлануда", - деп түсіндірді агенттікте.

Сондай-ақ, агенттік көптеген экономикалық дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Испания) және дамушы елдерде (Чехия, Филиппин, Үндістан, Венгрия, Мексика) тұтынушылық онлайн-микрокредит беру сегменті бар екенін қосты.

"Қарыз алудың осы түріне заңнамалық тыйым салуды енгізу барлық жұмыс істеп тұрған онлайн-микрокредиттеу компанияларының жабылуына және онлайн-микроссудаларды беру бойынша көлеңкелі сектордың қалыптасуына әкелуі мүмкін", - деп атап өтті ведомствода.

Бүгінде Қазақстанда 246 микроқаржы ұйымы, оның ішінде тек қана онлайн-форматта 50 АЕК-ке дейін (2022 жылы 153,1 мың теңге) микрокредит беруді жүзеге асыратын 25 компания жұмыс істейді.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша компаниялар жалпы сомасы 103 млрд теңгеге 50 АЕК-ке дейін шағын несие берген. 90 күннен астам мерзімі өткен берешек деңгейі олар бойынша 45 млрд теңгеге жетті. Проблемалық берешектің орташа деңгейі 66 мың теңгені құрады", - деп деректерді қаржы агенттігінде келтірді.

Агенттік 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылық микрокредиттерге қатысты 90 күн өткен соң комиссиялар мен тұрақсыздық айыбын есептеуге, ал 2022 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақы есептеуге тыйым салынғанын еске салды.

"Ағымдағы жылы микрокредит бойынша артық төлемнің шекті мөлшерін 50 АЕК-ке дейін екі есе –  100%-дан 50%-ға дейін төмендету көзделген", - деп түйіндеді қаржы агенттігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.