Каспийды құтқаруға миллиардтаған қаражат қажет

18 апреля 2024 года

Каспий теңізінің батпақтануымен күресу үшін миллиардтаған теңге жұмсалады. Бұл туралы LS-ке көлік министрлігінде хабарлады.

Министрліктің LS редакциясының сұрауына берген ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта теңіздегі су деңгейі – 4,5 м белгісінде тұр. "Қазгидромет" болжамына сәйкес 2030 жылға дейін Каспий деңгейі жылына 23 см жылдамдықпен төмендейтін болады.

Кеме қатынасының нормативтік деңгейінде су қоймасының тереңдігі 6 м, порттардың акваториясындағы ағымдағы көрсеткіш орта есеппен 4,9 м құрайды, осыған байланысты кемені тек 75%-ға жүктеуге болады.

"Алдын ала есептеулер бойынша тереңдету жұмыстарының құны 40 млрд теңгеден асады. Жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін нақтылау қажет. Жобаны іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда Ақтау және Құрық порттары құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды бастап кетті", - деді министрлікте.

Сондай-ақ, тереңдету жұмыстарынан кейін теңіз кемелері (танкерлер, паромдар, құрғақ жүктер) 100%-ға жүктеледі деп болжануда, бұл қазақстандық порттар арқылы жүк айналымын 25-30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін, LS редакциясы Еуропалық Одақ елдері Қазақстанның көлік жобаларына қызығушылық танытқанын жазған болатын. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысу.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.