Jusan Bank S&P Global агенттігінің ESG бағасын алды

26 января 2023 года

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі алғаш рет Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы қызметін бағалады, деп хабарлайды LS.

S&P агенттігі Jusan Bank-ке 23/100 деңгейінде баға берді. Банк басқару және экономикалық аспект бойынша 27 балл, экологиялық аспект (Environmental Dimension бойынша 11 балл және әлеуметтік аспект (Social Dimension) бойынша 24 балл алды.

Бұл – Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне берілген алғашқы қоғамдық және халықаралық мойындауға ие болған ESG рейтингтерінің бірі.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 14 желтоқсанындағы жағдай бойынша Jusan Bank жаһандық банк индустриясындағы (BNK) 60-шы процентилінде орналасты. Агенттіктің хабарлауынша, жаһандық банк саласындағы 705 компания тұрақты даму қызметі бойынша бағалаудан өткен.

Бағалау кезінде Jusan Bank-тің ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіптерге қарсы тұру, сондай-ақ іскерлік этика саласындағы берік ұстанымы ескерілді.

Пилоттық ESG скорингіне ие болғанын ескере келе, алдағы уақытта банк тұрақты даму саласындағы корпоративтік тәжірибені жетілдіріп, сондай-ақ қаржылық емес ақпаратты жариялау сапасын арттыруды әрі қарай жалғастыруға мүдделі.

Айта кетейік, өткен жылы банк алғаш рет көміртегі ізі бойынша есептеулері мен 2021 жылғы деректерге негізделген әрі халықаралық GRI стандартына сәйкес құрастырылған қаржылық емес тұрақтылық есебін жариялаған болатын. Бұл қаржы институтының этикалық түрде бизнес жүргізуге, қызметкерлер мен қоршаған ортаға қамқорлық бойынша талаптарға сәйкес келуге деген ұмтылысын көрсетеді (Jusan Bank-тің тұрақтылық есебі).

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.