S&P Global Ratings агенттігі «Халық-Life» АҚ «ВВВ-», «Тұрақты» дәрежесіндегі рейтингін растады

2 июля 2024 года

"Халық-Life" АҚ капиталдың жаңаланған дәрежелеріне сәйкес "ВВВ-" рейтингі "Тұрақты" болжамында  расталды. Капитал мен кірістіліктің жаңа өлшемдеріне сәйкес "Халық-Life" АҚ қанағаттанарлық дәрежеде, алайда капиталдың жеткіліктілігі 99,8% асады.   

Келешекте 24 ай бойынша "Халық-Life" АҚ өмір сақтандыру нарығында мықты бәсекелестік тұрақтылығын сақтап қалады, консервативті инвестициялық саясатын ұстанып, капитал қорын сақтайды.  

S&P Global Ratings аналитиктерінің болжамы бойынша, "Халық-Life" АҚ өмір сақтандыру нарығында басымды бәсекелестік позициясын ұстанады. "Сақтандыру компаниясы 30% астам сақтандыру премиясы бар нарық бөлігін және нарықтың активтерін сақтап қалады. "Халық-Life" АҚ қаржылық тәуекелдеріне капиталдың жеткіліктілігі, өтімділігінің жақсы көрсеткіштері және активтерді бөлудің салмақты саясаты  әсер етеді".

Фото:

"Халық-Life" АҚ басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова: "S&P Global Ratings халықаралық агенттігі біздің жұмысымызды қайта жоғары бағалағаны үшін ризамыз. Өмір сақтандыру компанияларының үздігі атанған "Халык-Life" АҚ қаржылық тұрақтылығының расталуы біздің тұрақты қаржылық көрсеткіштерімізді және дамуымыздың тиімділігін көрсетеді. Бұл жайт біздің компаниямыздың сенімділігін  көрсетеді және клиенттеріміздің  бізге деген сенімін күшейтеді. Сақтандыру жарналары мен полистері сенімді қорғалғанына  сенімді бола алады".

 Анықтама

"Халық-Life" АҚ – Қазақстанның Халық банкінің өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясы, 2005 жылы құрылған. Қазақстандағы сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша  көшбасшы және "өмір сақтандыру" қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы. 2006 жылы өмір сақтандыру лицензиясы берілді, 28.12.2022 жылы  №2.2.12 сақтандырудың жаңа түрі қосылғаны үшін жаңартылды.  Компания  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының" мүшесі.

S&P Global Ratings – қаржылық және шикізат нарығындағы кредиттік рейтингтер, салыстырмалы көрсеткіштер, зерттеулер және бизнес-шешімдер беретін халықаралық компания.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.