Француз инвесторлары Қазақстанға 50 млн еуро салады

28 марта 2023 года

Француз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуро инвестициялауға ниетті. Бұл туралы LS-ке сыртқы істер министрлігінде (СІМ) хабарлады.

Инвесторлар локомотивтер мен жылжымалы құрам жабдықтарын өндіріп, техникалық қызмет көрсетуге мүдделі. Сондай-ақ, Франциядан келген компания теміржол инфрақұрылымының жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

СІМ-де инвестициялардың жалпы көлемі 50 млн еуроны құрауы мүмкін екенін атап өтті. Іске асырылу мерзімі 2024 жылға қолға алынбақ.

Сервистік орталықтар Астана, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында орналасуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба аясында инвестор 1 мыңнан астам жергілікті мамандардын оқытуды алға қойып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда француз компанияларының қатысуымен 42,7 млрд теңгеге бес жоба іске асырылуда, оның екеуі іске қосылды.

Мәселен, өткен жылы Жамбыл облысында 7,5 млрд теңгеге бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған басқа да бұйымдар өндірісі пайда болды. Ал Маңғыстау облысында 7,03 млрд теңгеге бұрандалы сорғылар мен жетектерді шығарудың бірінші кезеңі басталды.

28,2 млрд теңгеге бағаланған қалған үш жобаға келетін болсақ, оларды 2023-2024 жылдары іске асыру жоспарлануда. Мысалы, биылғы жылы француз инвесторы әуе жолаушылары туралы деректерді жинаудың автоматтандырылған жүйесін құруға және енгізуге көмектеседі. Жоба құны-10 млрд теңге.

Бұған дейін, тағы бір француз компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 1 ГВт болатын жаңа жел электр станциясын салуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. $2 млрд-ға бағаланған жоба 2026-2027 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайдалануға берілуі мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Морковь придется выбрасывать – эксперт о последствиях запрета экспорта
9 января 2026 года
Фруктовый магнат: Казахстан резко увеличил поставки хурмы, бананов и винограда за границу. Инфографика
9 января 2026 года
Аграрии стали активнее брать кредиты в иностранной валюте
10 января 2026 года
Интернет-мошенники нашли слабое место казахстанцев
10 января 2026 года
Сәбізді тастауға тура келеді – сарапшы экспортқа тыйымның салдары туралы айтты
9 января 2026 года
Компания Тимура Турлова подписала меморандум о сотрудничестве с крупнейшей технологической группой e&
9 января 2026 года
В Казахстане появится реестр недобросовестных застройщиков
9 января 2026 года
Компании из Китая хотят вложить миллиарды в Западный Казахстан
9 января 2026 года
Оптовики резко подняли цены на мясо и овощи
9 января 2026 года
Аренда жилья резко подорожала в некоторых городах Казахстана
9 января 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.