Экология вице-министрі мен ӨКМ операторының басшысы ұсталды

26 января 2022 года
    

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты LS-ке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде растады.

Сондай-ақ, мемлекеттік орган "ӨКМ Операторы" басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің қамауға алынғанын растады.

Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ахметжан Пірімқұлов 2019 жылы экология вице-министрі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол қоршаған ортаны қорғау, энергетика, білім және ғылым министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеп үлгерді.

ӨКМ операторына келетін болсақ, оның функциялары "Жасыл Даму"компаниясына берілді. Қоғамның көптеген өтініштерінен кейін компания жұмысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.