Қазақстан Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында баға өсімі бойынша алда келеді, деп хабарлайды LS.
2026 жылғы ақпанда ЕАЭО елдеріндегі жылдық инфляция әртүрлі болды. Ең жоғары көрсеткіш – Қазақстанда, 11,7% деңгейінде тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіштер: Қырғызстан – 9,7%, Ресей – 5,9%, Беларусь – 5,6%, Армения – 4,3%.
Қазақстандағы инфляция құрылымына қарасақ, ең көп баға өсімі азық-түлікте – 12,7% болды. Азық-түлік емес тауарлар 11,6%-ға, қызмет көрсету саласы 10,8%-ға қымбаттады.
Қырғызстанда инфляцияның негізгі себебі – ақылы қызметтердің қымбаттауы (14,3%). Сонымен қатар, азық-түлік бағасы 8,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 8,9%-ға өсті.
Ресейде баға өсімі Қазақстан мен Қырғызстанға қарағанда төмен болды. Азық-түлік 5,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар 3,2%-ға, ал қызмет көрсету 9,9%-ға қымбаттады.
Беларусьте инфляция қалыпты деңгейде. Азық-түлік бағасы 8,7%-ға, қызмет көрсету – 6,8%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар 2,3%-ға өсті.
Арменияда ЕАЭО елдері арасында ең төменгі инфляция сақталуда. Азық-түлік бағасы 6,5%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – тек 0,1%-ға, ал қызмет көрсету 4,0%-ға қымбаттады.










