2021 жылдың шілдесінде Қазақстаннан 92 млрд астам теңге жіберілді, деп хабарлайды LS.
Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, өткен айда 233 мың транзакция жасалған. Қазақстаннан ақша аударымдарының жалпы сомасы 92 млрд теңгеден асты (бұл жылына шаққанда +39,3%).
Шілдеде алынған ақша көлемі бойынша бірінші орында Өзбекстан – 37,2 млрд теңге (+135,4%). Сонымен қатар, Ресейге – 15 млрд теңгеден астам (-21%), Түркияға – 12,3 млрд теңге (+50%), Қырғызстанға – 11,7 млрд теңге (-10,7%), ал Қытайға – 3,4 млрд теңге (+17,2%) жіберілді. Одан әрі Армения – 3,3 млрд теңге және Грузия – 2,8 млрд теңге.
Ең аз Украинаға аударылған – 773 млн теңге.
Сондай-ақ, шілде айында Қазақстанға шетелден 24 млрд теңгеге (-6,7%) 97 мың транзакция өтті. Мұнда ақшаның басым бөлігі Ресейден келді – 5,4 млрд теңге (-33,3%). Оңтүстік Корея екінші орында – 3,4 млрд теңгеден астам (-17%). Үшінші орында Өзбекстан 3,2 млрд теңге (+45,4%) аударылды. Ең аз қаражат Израильден келді – 272,6 млн теңге – және Украинадан – 266,4 млн теңге.
Сонымен қатар, Қазақстан ішінде 5,1 млрд теңгеге (+24,4%) шамамен 55 мың транзакция жасалған.