Қазақстандықтардың зейнетақы активтері шетелдік компаниялардың басқаруына берілді

26 апреля 2023 года

Шетелдік компанияларға қазақстандықтардың $3 млрд-дан астам зейнетақы ақшасы сеніп тапсырылды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банкте LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде ағымдағы жылдың 12 сәуіріне жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) активтерін басқаруға сегіз шетелдік компания тартылғаны айтылды. Бұл ұйымдарға қазақстандықтардың $3,42 млрд жинақтары немесе зейнетақы қорының 9,7% сомасы берілді.

Барлығы "Жаһандық акцияларға" $1,7 млрд тиесілі, оның ішінде HSBC – $500 млн, Robeco – $300 млн, BlackRock (Active) – $200 млн, BlackRock (Passive) – $250 млн, UBS – $450 млн.

Ал "Дамушы нарықтардың мемлекеттік облигациялары" бойынша "Aviva Investors" компаниясына $220 млн, "Инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар" бойынша PGIM және Рrincipal компаниясына $750 млн берілді.

2022 жылдың қарашасында Ұлттық банк Invesco Asset Management компаниясымен келісім жасасты. Қазіргі уақытта активтерді басқаруға беру үшін қажетті инфрақұрылымды дайындау аяқталып, мандатты іске қосу жұмыстары жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ активтерінің валюталық портфелін басқару шеңберінде жоғарыда аталған мандаттар бойынша шетелдік басқарушы компанияларды тарту көзделген. 

Зейнетақы қорының мәліметінше, 2023 жылдың 1 наурызына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында 15,1 трлн теңге бар.

LS редакциясы бұған дейін, нарық қатысушылары басқарушы компаниялар үшін зейнетақы активтерін инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынатыны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.