Қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жеңілдейдi

18 мая 2022 года

Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау рәсімі жеңілдетілмек. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрлiктiң мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанның 35 кәсіпорнында жұмыс бiрнеше сағатқа тоқтатылып, еңбек даулары орын алған. Оның ішінде Маңғыстау облысында – 34, Атырау облысында – 1.

31 жағдайда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті.

"Негізінен бұл мұнай-газ және мұнай сервисі, құрылыс саласы", - деп нақтылады еңбек министрлігінде.

Министрлiкте 12 мамырдағы жағдай бойынша 33 кәсіпорын қызметкерлерінің талаптары қанағаттандырылғанын атап өтті. Маңғыстау облысының екі кәсіпорнында мәселелер әлі шешілмеген. Онда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Соңғы уақытта еліміздің жекелеген өңірлерінде еңбек жанжалдары орын алды. Әлеуметтік-экономикалық талаптарды қанағаттандыру үшін жұмысшылар ереуіл жариялауға құқылы, бірақ бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ол заңсыз деп танылады", - деді министрлікте.

Сондықтан еңбек министрлігі еңбек даулары кезінде жұмыскерлердің талаптарын ұсыну рәсімін оңайлату бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіп, олардың қатысушылары үшін нақты шеңберлерді айқындауда.

Бұдан басқа, орын алған еңбек жанжалдарын шешу және болдырмау бойынша шаралар әзірленді.

Еңбек жанжалдарының көбі Маңғыстау облысында болғанын ескере отырып, 2021 жылдың қазан айынан бастап өңірде Жаңаөзен мәселелерін шешу бойынша ведомствоаралық штаб тұрақты жұмыс істейді. Биыл проблемалық мәселелер бойынша тоғыз отырыс өтті.

Бұдан басқа, кәсіпорындармен жалақыны арттыру бойынша атаулы жұмыс атқарылды. Жыл басынан бері 1,7 мың өндіріс басшылығымен келіссөздер жүргізілiп 1,1 млн-нан астам жұмыскердің табысын орта есеппен 5-тен 50%-ға дейін арттыру бойынша шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ, оқыту семинарлары мен тренингтерден өтеді. I тоқсанда 28 мың қызметкермен 620 кездесу өтті. Бұдан басқа, 3,7 мыңнан астам азаматтарды қабылдау өткізіліп, 5 мыңнан астам жұмыскердің проблемалық мәселелері қаралды.

"Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 6,6 мыңнан астам өтінішті қарады, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 6,3 мың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 267,1 мың тексеру барысында 1,3 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзу жойылды, 345 кәсіпорында 6 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы бойынша 1,5 млрд теңге қарызды өтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік туды", - деп қорытындылады еңбек министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.