Қазақстандықтардың 600 млн теңгеге қарызы өтеледі

9 ноября 2022 года

Қазақстанда 28 мың азаматтың 600 млн теңгеге қарызы өтеледі, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл шара азаматтардың микрокредиттер бойынша проблемалық берешек деңгейін төмендету үшін жүзеге асырылмақ.

2021 жылы несиелер бойынша берешекті сотқа дейінгі реттеудің заңнамалық тәртібі енгізілгеннен кейін қаржы агенттігінің проблемалық берешек деңгейін төмендету үшін микроқаржы ұйымдарынан жеке жоспарлар сұрады.

Агенттікте осы жеке жоспарлар шеңберінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің негізгі көлемі тиесілі 30 микроқаржы ұйымдарында (МҚҰ) 2022 жылдың соңына дейін 567 мың төлемге қабілетсіз қарыз алушылардың проблемалық берешегін реттеу бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде 432 мың қарыз алушының несиелері бойынша 33,1 млрд теңге сомасына проблемалық берешекті қайта құрылымдау, 107 мың қарыз алушы бойынша 800 млн теңге сомасына проблемалық берешекті кепілсіз микрокредиттер бойынша ішінара есептен шығару және 28 мың қарыз алушының қарыздары бойынша 600 млн теңге сомасына қарызды толық есептен шығару.

"Бүгінгі таңда проблемалық берешекті қайта құрылымдау тәртібі заңнамамен белгіленген. Қазір қарыз жүктемесін төмендету қарыз алушының өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте қайта құрылымдау шартын МҚҰ қарыз алушының қаржылық жағдайын, оның табыс деңгейін, әлеуметтік мәртебесін және өмір сүру жағдайларын жеке талдау негізінде айқындайды. Бұдан басқа, МҚҰ проблемалық берешекті біржақты тәртіппен қарыз алушы үшін жақсартатын шарттарда дербес қайта құрылымдауға құқылы", - деп нақтылады агенттікте.

Проблемалық берешекті толық немесе ішінара есептен шығарған кезде МҚҰ халықаралық қаржылық есептеу стандарттарын ескере отырып, есептен шығарудан болған залалдар өтелетін провизияларды қалыптастырады.

Агенттікті қайта құрылымдауды жүргізу туралы ақпарат қарыз алушының несиелік тарихында көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, LS-ке агенттікте түсіндіргендей, проблемалық қарыз деңгейін төмендету шаралары микроқаржы ұйымдарының есебінен жүзеге асырылатын стандартты процесс болып табылады.

"МҚҰ-да жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі бар. Егер ол белгілі бір шектен асып кетсе, онда біз оларға белгілі бір санкциялар сала аламыз. Сондықтан МҚҰ жұмыс істемейтін несиелерді мүмкіндігінше есептен шығару үшін жұмыс істейді. Бұл қаржы ұйымының өз қызметін жалғастыруы үшін және клиенттер үшін де өзара тиімді процесс", - деп нақтылады агенттікте. 

Олардың айтуынша, несиені қайта құрылымдау немесе есептен шығару үшін барлық қаржы институттары үшін қолданыстағы бірыңғай реттеу тәртібі белгіленген.

"Оның шеңберінде кешіктіруге жол берген немесе өтеуде қиындықтарға тап болған қарыз алушы қаржы ұйымына жүгінеді. Жұмысынан айырылу немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу туралы хабарлайды. Өз кезегінде МҚҰ туындаған жағдайды реттеу бойынша өз нұсқаларын ұсынады. Мәселен, қарызды аз пайызбен қайта құрылымдау немесе кейінге қалдыру сияқты. Нәтижесінде жаңа кесте жасалады. Бұл ретте МҚҰ бұған келісуі де келіспеуі де мүмкін немесе өз нұсқаларын ұсынады. Егер тараптар жалпы шешімге келе алмаса, онда қарыз алушы қаржы реттеу агенттігіне жүгінеді, онда біздің мамандар өзара тиімді шешім іздеуге көмектеседі", - деп түсіндірді агенттікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстандағы онлайн-микрокредиттеу сегментіндегі өзгерістер туралы жазған болатын. Мәселен, 45 күнге 50 АЕК (153 150 теңге) дейінгі шағын қарыздарды онлайн беруге тыйым салуға, сондай-ақ бірыңғай жылдық тиімді 56% мөлшерлемені енгізу туралы. Сондай-ақ, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін коллекторлық агенттіктерге кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша жеке тұлғалардың проблемалық берешегін беруге тыйым салу жоспарлануда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.