Қазақстандықтар ҚазМұнайГаздың IPO-сына қалай қатыса алады

21 октября 2022 года

Жыл соңына дейін "ҚазМұнайГаз" IPO-ға өтеді. LS-ке берген сұхбатында Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов IPO-ның мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтып берді. 

– Максим, Jusan Invest IPO-ға қатысқысы келетін әлеуетті инвесторларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

– Біз бұл шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазынаға" ұлттық компаниялардың IPO-ға шығуын жеделдетуді тапсырғаннан бері дайындалып жатырмыз. Біз ең алдымен, халықтың қаржылық сауаттылығын белсенді арттыру жолында жұмыс жасапкелеміз. Біз IPO-ның мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы, одан қалай ақша табуға болатындығы туралы ақпарат береміз. Бұдан басқа, біз әлеуетті инвестор қажетті білім ала алатын тегін оқыту платформасын ұсынамыз.

Қазіргі уақытта біз алдағы IPO-ның нақты шарттарын күтіп отырмыз, сондай-ақ, KASE және AIX-тегі Jusan Invest қосымшасы арқылы клиенттеріміздің қатысуын барынша жеңілдетуге ниеттіміз.

– Jusan Invest қосымшасының бәсекелестік артықшылығы неде?

– Иә, белгілі бір айырмашылықтар бар. Ең алдымен, кез-келген білім деңгейі бар әлеуетті инвестор оны пайдалана алатындай қызмет көрсету барынша жеңілдетілген. Клиенттер жеңіл форматта өтініш бере алады, акцияларды сата/сатып ала алады және IPO-ға қатыса алады.

Біздің инвесторлар пулы бірнеше топтан тұрады – бұл жоғары табысы бар инвесторлар мен бұқаралық нарық. Орташа мәміле 4 мың теңгеден басталып 50 мың долларға дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қазанына Қазақстанда 573 мың брокерлік шот ашылған, оның ішінде Jusan Invest-те 200 мыңнан астам шот бар.

– Ал сіз "ҚазМұнайГаз-дың" IPO-ға деген қызығушылығын қалай бағалайсыз?

Максим Кабанов– Менің ойымша, сұраныс айтарлықтай үлкен болады, өйткені біз соңғы екі жылда нарықта қор нарығының мүмкіндіктеріне халықтың жоғары қызығушылығын байқайдық. Бұл жағдайда ішкі нарықта құралдардың жетіспеушілігі қатты сезіледі.

Сондай- ақ, IPO-дағы әлеуетті парақшасында көрсетілген компаниялар өте жақсы және орнықты қазақстандық компаниялар екенін ескеру қажет. Егер "Қазақтелекомды", KEGOC немесе "ҚазТрансОйл" орналастыруларын еске түсірсек, ол кезде қаржы нарығы қазіргідей дамымаған еді. Ал қазіргі уақытта бізде әлеуетті инвесторға бюрократиялық кідіріссіз қаржы нарығына қатысуға мүмкіндік беретін технологиялық база қалыптастырылды. Сондықтан IPO мүмкіндіктері туралы халыққа хабарлау маңызды.

– Сіздің клиенттеріңіз алдағы уақытта "ҚазМұнайГаз" акцияларын орналастыру туралы ақпаратқа қызығушылық танытып отыр ма?

– Әрине. Қазірдің өзінде оған қатысу туралы өтініштер келіп түсіп жатыр. Әзірге біз тек қолда бар ресми ақпаратпен жұмыс істей аламыз. IPO-ға дайындық күрделі процедура екенін ескере отырып, әзірге болашақ орналастырудың барлық параметрлері жоқ. Бірақ біз олар жақын арада жарияланады деп күтеміз.

– IPO-ға шығу кезінде "ҚазМұнайГаз" акцияларының бағасы қандай болады?

– Бұл өте қызықты әрі күрделі сауал. Оны екі бөлікке бөлуге болады: акциялар сатылатын номиналды баға және компанияның құны.

Бастапқы орналастыру кезінде баға төмен болуы маңызды. Мысалы, бір акция үшін 1000 теңгеден жоғары емес. Бұл барынша жеке инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Әрі қарай, нарықтың өзі қағаздардың құнын қалыптастырады. Компанияның құны тым жоғары болмай әрі жеңілдікпен сауда жасай бастауы өте маңызды. Мұның бәрі нарықты ынталандырады.

– Қазақстандағы табысты IPO-ның алғышарттарын атап өтсеңіз?

– Ең бастысы-қиын емес және ашық болуы тиіс. Ұзақ үзілістер болмауы керек. Әйтпесе, әлеуетті инвесторлардың қызығушылығы төмендеуі мүмкін.

Осыдан кейін үкімет тарапы квазимемлекеттік компаниялардың акцияларын одан әрі орналастыруды тоқтатпауы қажет. Жақсы және қызықты ұсыныстарсыз біздің қаржы нарығымыз белсенді дами алмайды. Сонымен қатар, клиенттер шетелдік бағалы қағаздармен сауда жасауды жөн көреді. Әрине, IPO дамуын жалғастырады және біз бұған ықпал ететін боламыз, алайда капитал Қазақстаннан тыс инвестицияланатын болады. Ал біз оның ел экономикасында жұмыс істегенін және отандық компанияларды қолдағанын қалаймыз.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру да маңызды. Бұл туралы көптен бері айтылып келеді. Бірақ қазір біздің еліміз алдағы IPO есебінен халықты осы процеске тартуға мүмкіндік алуда. Сонымен қатар, біз көптеген тегін оқу мүмкіндіктері бар екенін көреміз. Соның ішінде біз бұл процеске айтарлықтай үлес қосудамыз.

Соңғы уақытта байқағанымыздай, егер нарыққа сапалы акциялар мен білім берілмесе, оның орнын заңсыз құрылымдар басады. Қазақстандықтар IPO қарсаңында жанданған қаржы пирамидаларының тұзағына түседі. Нәтижесінде қаржылық сауаттылығы жоқ адамдар қаржы нарығынан көңілі қалып бас тартады.

Тағы да қайталаймын, қазақстандықтарды қаржылық сауаттылыққа үйрету қажет. Бұл ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты. Біздің компания Jusan Junior балаларға арналған қосымшасын іске қосты, онда 10 жастан асқан балалар ата-анасының бақылауымен қаржы нарығында өз күштерін тексере алады. Сол себепті Jusan Invest болашақ инвесторлар үшін сапалы негіз қалайды деп толық айтуға негіз бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.