Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті белсенді сатып алуда

Маңғыстаулықтар ерекше белсенді

9 апреля 2021 года

Қазақстандықтар наурыз айында тұрғын үйлерді белсендірек сатып ала бастады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика деректері бойынша Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің тіркелген саны ақпанмен салыстырғанда 28,2%-ға өсті және 52,7 мыңды құрады. 2020 жылғы наурызмен салыстырғанда олардың саны 2,4 есе өсті.

Әсіресе Маңғыстау облысының тұрғындары белсенділік танытты. Мәмілелер саны ақпан айымен салыстырғанда 48,4%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 8,9 есе өскен. Нұр-Сұлтанда, керісінше, ақпан айымен салыстырғанда 8%-ға төмендеді. Алайда, өткен жылдың наурыз айымен салыстырмалы түрде айтатын болсақ – мәмілелер саны 2,6 есеге көбейген.

Сонымен қатар, 2021 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,2%-ға артты.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй нарығындағы бағаның бақылаусыз өсуі жалғасуда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.