Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды

18 октября 2023 года

Қазақстандықтар 12,7 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға берді, деп хабарлайды LS.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) бұл ақша көлемі 2021 жылғы 18 ақпан мен ағымдағы жылғы 1 қазан аралығында аударылғанын атап өтті. Зейнетақы қоры салымшылардың 9,2 мыңнан астам өтінішін орындады.

Зейнетақы активтерінің ең көп сомасы Jusan Invest – 5,01 млрд теңгеге және Halyk Global Markets – 2,8 млрд теңгеге тиесілі.

Жинақ ақшаның көп бөлігін Алматыға – 5,1 млрд теңге, Астанаға – 2,8 млрд теңге бөлді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында – 656 млн теңге, Атырау облысында – 646 млн теңге және Қарағанды облысында – 586 млн теңге.

Бірақ жинақтың ең азы – Алматы және Түркістан облыстарында, тиісінше 41 млн және 62 млн теңгеден.

Наурыз айында LS редакциясы жеке инвесткомпанияларға 9,5 млрд теңгеге зейнетақы активтері берілгені туралы жазған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап қазақстандықтарда зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыға беру мүмкіндігі пайда болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.